[:kz]
Белгілі журналист, аудармашы әрі қоғам белсендісі Қуандық Шамахайұлы өмірден өтті, деп хабардайды Skifnews.kz порталы.
Ресми түрде расталмаған мәліметке сенсек, журналист коронавирустан көз жұмған.
Айта кетерлігі, әлеуметтік желі белсенділері Қуандық Шамахайұлының мезгілсіз қазасының тым күдікті екенін жазып жатыр.
Бақытжан Қосбармақов есімді қолданушы «Қуандық Шамақайұлы ағамыз «өмірден өтті» деген суық хабарды жұбайы жария етті. Жақсы адам еді, тура айтатын. Романдары мен мақалаларын оқып тұратынмын. Өлімінде үлкен жұмбақ бар сияқты. Иманды болсын!» деп пікір білдірген.
Сол секілді сарапшы Асхат Қасенғали да бұл жағдайдың күдікті екенін жазған: «Бүгін таңда журналист-жазушы Қуандық Шамахайұлы ауруханада аяқасты қайтыс болды. Өлімі күмәнді!»
Инга Иманбай да «Қуандық Шамахайұлы аға өмірден озды деген суық хабар келді. Сене алар емеспін. Өзі күмәнданған мына постына жіті мән берейік! Түнгі екіде кім және қандай дәрі бергенін анықтау керек! Аға, бақұл болыңыз! Бізді жақтап, қолдап жүретін сіздей ағаның орны ойсырап қалды жеке мен үшін» деп пікір білдіріпті.
Олардың айтуынша, осыдан 5-6 сағат қана бұрын Шамақайұлы facebook әлеуметтік парақшасында күдікті жазба қалдырған. Жазбасында оның ауруханаға түскенін, бірақ дәрігерлердің бірінің түнгі екіде белгісіз бір дәрі беріп, қол қойдырып алып кеткенін әрі содан күдік алып жатқанын жазған.
«Астанадағы Бірінші клиникадағы КВИ 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер ковид тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім сағат 2 ..00-де Дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджігіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десесем вирустан сақтайды дейді. Қастандық шығар деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əрекеттері күмəнді. Ещтеңе түсіндірмейді», — деген жазба қалдырған.
Осыдан көп ұзамай оның қайтыс болғаны туралы хабарлаған.
[:]