АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Белгісіз дерт жайлады: Дәрігерлер Қытайға баратын қазақстандықтарды сақ болуға шақырды[:]

[:kz]

Қытайды белгісіз дерт жайлады. Дәрігерлер 60-қа жуық адамның нендей кеселге шалдыққанын біле алмай жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның санитар-дәрігерлері де Қытайға баратын азаматтарымызды сақ болуға шақырып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

 
 
Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекованың сөзінше, инфекцияның шығу тегі әлі анықталмаған.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай үкіметімен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Әзірге ол вирусты жұқтыру дерегі тіркелмеген. Болжам бойынша, кеселдің теңіз өнімдерінен келуі әбден мүмкін», — дейді Людмила Бюрабекова.

Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында осы күнге дейін шығу тегі белгісіз қабыну дертінің 59 жағдайы тіркеліпті. Жеті адамның жағдайы нашар. Қауіпті вирусты жұқтырғандармен байланыста болған 170-ке жуық адам бақылауға алынған. Барлығы Қытай азаматтары.

Осы орайда еліміздің санитар-дәрігерлері Қытайға жолы түскен азаматтарға респираторлық инфекциялардың алдын алу шараларын қаперден шығармауға шақырады.

Дереккөз КТК арнасы

[:]