[:kz]
Отандық танымал әнші Ақбота Сейітмағамбеттің тарап кеткен фотосы желіде үлкен шу шығарды. Суретте жалғызбасты өнер иесі бейтаныс азаматты құшақтап тұрғаны анық көрінеді. Желі қолданушылары жақында ғана заңды күйеуімен ажырасып кеткен жұлдыздың өз теңін тапқанын болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Атышулы «КешYOU» құрамында өнер көрсеткен Ақбота Сейітмағамбет тағы да елдің қызу талқысына қалды.
Ғаламтор кеңістігінде оның белгісіз ер азаматпен құшақтасып тұрған суреті тарап кеткен. Онда әнші мен бейтаныс ер адамның көлдің ортасында кемеде тұрғандарын байқауға болады.
Желі қолданушылардың басым көпшілігі суреттегі жігітті Ақбота Сейітмағамбеттің жаңа ғашығы болса керек деп болжады. Олар жақында ғана екі баласының әкесі Дәурен Айдарқұловпен ажырасқан өнер иесіне бақыт тілеп, өзінің ыстық лебізін білдіріп жатты.
Оған қоса, кейбір адамдар оны ажыраса салып, өзге жігітпен құшақтасқаны үшін сынға да алды
«Ақбота сұлу десе сұлу қыз ғой. Ол бақытқа лайық, тек қайдағы біреуге ұрынып қалды» , «Міне осындай өзіңмен катар, жас жігіттермен бас қоспадыңба кезінде» , «Недеген әдемі жұп» , «Бақытты болыңыз» , «Ажырасқаны кеше ғана, басқа біреу тауып алған ба сол аралықта» , «Өте жарасымдысыщдар» , «Осыларда дайын тұра қалады екен.
Ел арасында шу тудырған фото Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды.
Еске сала кетейік, Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың ажырасып кеткені туралы 11 шілде күні белгілі болды. Кейіннен белгілі актер әнші жарымен не себепті ажырасып кеткенін ашып айтқан еді. Ол келіншегі өзін сүймей кеткенін жеткізді
[:]