АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Белі небәрі 46 сантиметр болатын ару жайлы не білеміз[:]

[:kz]

 

АҚШ-та тұратын 26 жастағы бойжеткен ерекше қыпша белге ие болу үшін қандай құрбандықтарға баратынын айтып берді деп жазады odditycentral.com.

Лас-Вегаста биші әрі кафе қызметкері болып нәпақасын тауып жүрген Ан Киді танымал вьетнам әртісі Туи Нга штатқа сапары кезінде байқап қалады.

Арудың ерекше қыпша белі әртістің көзіне бірден түсіп, ол бойжеткен туралы бейнеролик түсіруді ұйғарады.

 
Ару

Ан Ки мұндай қыпша белге ие болу үшін қандай құрбандықтарға барғанын Туиге жасырмастан айтып берген. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, оның салмағы 50 келі, ал белінің өлшемі 60 сантиметр болған.

 
Ару
Кадр: YouTube / Thuý Nga Entertainment

Алайда мұны аздық еткен ару күніне бір-ақ рет тамақтанып, белді қысатын корсет кие бастаған. Нәтижесінде 26 жастағы бойжеткеннің салмағы небәрі 37 келі, ал белінің өлшемі 46 сантиметрге түскен.

 
 
Ару
Кадр: YouTube / Thuý Nga Entertainment

Ерекше қыпша белге ие болып, арманы орындалған Ан Ки тек киім сатып алғанда ғана қиындықтарға тап болатынын айтады. Ол шақ келу үшін киімді қайта тіктіруге көп шығынданады екен.

 
Ару
Кадр: YouTube / Thuý Nga Entertainment

Десе де, көптеген адам бойжеткеннің өмірінде бұдан да ауыр қиындықтар туындауы мүмкін деп топшылауда.

Себебі, қыпша бел үшін корсетті шешпей жүру және дұрыс тамақтанбау ішкі ағзалар мен денсаулыққа орасан зиян келтіруі ғажап емес.

Алайда Ан Киді денсаулығы нашарлауы мүмкін екені аса алаңдаттырып отырмаған сыңайлы. Ол қыпша белін ерекше мақтан тұтатынын айтып отыр.

https://kaz.nur.kz/

 

[:]