АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Белсенді Руслан Жанпейісов қамауға алынды[:]

[:kz]

Танымал блогер, қоғамдық құқық қорғаушы Руслан Жанпейісов екіншір рет тұтқындалды деп хабарлайды Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 18-ші маусымында Шымкент қаласының тұрғыны құзырлы органдарға дене жарақатын алғаны туралы арызданған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» және 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Сондай-ақ, полиция қызметкерін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 378-бабының 2-бөлімі «Билік өкілін қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — деп хабардар етті Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полцияның мәліметінше, ол қазіргі таңда Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Айта кетсек, белсенді Руслан Жанпейісов полиция қызметкерлерінің әрекетін әшкерелеуші ретінде танымал.

Ол әлеуметтік желілерде кәсіби біліктілігі төмен полиция қызметкерлерінің жол ережелерін, ҚР Конституциясы мен қылмыстық-процессуалды кодексті білмейтінін кәуландыратын видеосын бірнеше рет жариялаған.

 
  

[:]