[:kz]
Қызылорда қаласының әкімі болған Нұрлыбек Нәлібаев енді Премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады. Бұл туралы Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты. Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005–2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. Айта кетейік, Нұрлыбек Нәлібаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың туған інісі.
[:]