АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бердімұхамедовтің «өлімі»: саясаттанушы кешірім сұрады [:]

[:kz]

Түрікменстан президентінің өлімі туралы жалған ақпарат таратқан саясаткер кешірім сұрады

Еуразиялық проблемалар мониторингі орталығының директоры Аслан Рубаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпараттың расталмағанын айтты. Ол жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады.

Бұған дейін саясаттанушы Аслан Рубаев «Говорит Москва» радиостанциясына берген сұқбатында Түрікменстан басшысы демалыс кезінде көз жұмды деген болатын. Ол арнайы қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасаған.

Кейін ол өзінің Facebook парақшасында Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Мен Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпараттың расталмағанына өте қуаныштымын. Президенттің туыстары, жақындары  мен барша Түркіменстан халқынан кешірім сұраймын. Бұған дейінгі  ақпарат жоққа шығарылды», — деп жазды саясаттанушы.

Аслан Рубаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өлімі туралы ақпарат оның көптен бері көрінбей кеткеніне байланысты туындауы мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін Түрікменстанның Мәскеудегі елшілігі де президенттің өлімі туралы ақпараттың жалған екенін хабарлаған болатын.

sputniknews.kz

[:]