АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Беремін, беремін… 5 мың ба?»: түркістандық мұғалімдерден ақша не үшін жиналып жатыр? (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Мұғалімдердің бірі сыныпта жасырын түсіріп тұрған видеода бір белсенді әйел оларды жинап алып, әрқайсысынан ақша талап етіп отыр.

Zulpiya Torebekova деген аккаунт иесі facebook парақшасына Түркістан облысында мұғалімдерден ақша жинап отырған әйелдің видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Виде астына ол: «Төле би ауданы. Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің мұғалімдерін мәжбүрлеп ақша жию сәті түсірілген», — деп анықтама берген.

Мұғалімдердің бірі сыныпта жасырын түсіріп тұрған видеода бір белсенді әйел оларды жинап алып, әрқайсысынан ақша талап етіп отыр. Алдында — ақша беруі тиіс әріптестерінің тізімі, қолында әжептәуір жиналып қалған 500, 1000, 2000 теңгелік қаржы бар. 

«Беремін, беремін… 5 мың ба?» — дейді бір мұғалім, шыр-пыр болып. Құдды, еркінен тыс алып отырғандай. Одан кейін «Өнер апайға да беруім керек», — деп еді, ақша жинаушы: «Қазір Өнер апайға да айтам, көтерсін», — деп қысқа қайырды. Оның ақшаны не үшін бүйтіп белсене жинап отырғаны әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің өзі мұғалімдерден ақша жинауға ешкімнің хақысы жоқ екендігін үнемі ескертумен келеді. Жалпы, ұстаздардың құқығына әр нәрсені сылтауратып қол сұқпау керектігін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері де айтуда. Егер осындай мәселелерге қатысты шағымы болса, оны кез келген азамат сыбайлас жемқорлық деректері бойынша агенттікте жұмыс істейтін 1424 Кол-орталығына хабарласып айтуына болады.

 

[:]