АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды [:]

[:kz]

 

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген құжатта.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1988 жылы Тараз қаласындағы №45 гимназияны бітірген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін

«Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 1994-1995 жылдары – ҚР президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері, 1995-1997 жылдар – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары.

1997-1999 жылдарда ҚР баспа және бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі ұлттық агенттігінде, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде қызмет атқарды.

1999-2001 жылдары ҚР президент әкімшілігінде жұмыс істеді. 2001-2002 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2005 жылдары «Ақ жол» ҚДП Ұлттық зерттеулер институтының директоры, «Саяси ағарту қоры» ҚҚ президенті болды. 2005-2006 жылдары – «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында кеңесші, «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры.

2007-2008 жылдары – ҚР президент әкімшілігінде бас инспектор, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2008-2010 жылдары – «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» ҚҚ директоры.

2010 жылғы қаңтар мен 2012 жылғы қаңтар аралығында – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі. 2012 жылы – 1-ші вице-премьердің кеңесшісі. 2012 жылғы мамыр мен 2013 жылғы наурыз аралығында – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.

2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2016-2017 жылдары – ҚР президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, ҚР Қарулы Күштері әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері, ҚР қорғаныс министрлігі.

2017 жылғы мамыр мен 2019 жылғы мамыр аралығында – ҚР ұлттық мұражайының «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, 2019 жылғы мамыр мен қазан аралығында – ҚР мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР ұлттық мұрағатының «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі.

2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі. Еске сала кетейік, осы жылдың 8 маусымында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында жаңа үш облыс құру туралы жарлығы ресми түрде күшіне енген болатын. Сол күні Ұлытау облысы мәслихатының хатшысы тағайындалды.

Бұл лауазымды орынға Бауыржан Шыңғысов келді. 

 

kaz.nur.kz

 

 

[:]