[:kz]
Жарылыстан кейін, Мейіржанның денесін бүгін ғана түстен кейін тауыпты.
Белгілі әнші Айбек (Бүркіт) Сейітов 10 жыл бірге оқыған досынан айырылғанын жазды.
Полковник Мейіржан Айманов есімді жан жолдасы кешегі Тараз маңындағы жарылыстан қаза болғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба жариялады.
– Қайран досым! Кешегі Тараздың маңында болған жарылыста қаза болған досым, Мейіржан! Жаның жәннатта болсын! Қайғырып отырмын, досым! Бес балаң қалды ғой артыңда! Бес балаң! Не болды енді бұл, не болды?!! Отқа бірінші жүгіріп, досым, кеттің-ау!.. Жас кеттің-ау, досым! 5 күн бұрын сенімен телефонмен сөйлесіп едім, абай болшы деп…
Досымның жақындарына, бала-шағасына қайғырып көңіл айтам! Жарылыстан кейін, Мейіржанның денесін бүгін ғана түстен кейін тауыпты.
[:]