[:kz]
Кеше ғана Қасымов журналистерге қылмыстық іс қозғалғанымен нақты қандай бап екенін айтпаған еді.
Заңгер Жандос Тұяқов Астанада өрттен қаза болған бес баланың өлімі үшін үй қожайыны 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды «Астана» арнасы.
Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шыққан болатын. Қызыл жалынды сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмағаны анықталды.
Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізген. Ал бұл жағдай орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескертіпті. Артынша Астанада көз жұмған 13 жастағы қыздың хаты жұрттың жүрегін ауыртты.
Қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді.
Сондай-ақ, жұрт еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қызметінен кетуін талап етті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы жағдайға душар болған отбасыға көңіл айтты.
kyn.kz
[:]