АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Бес ұлы тастап кеткен тастанды ананың аянышты тағдыры елді жылатты [:]

[:kz]

 

Алматы облысы, Қарасай ауданының тұрғыны Сәрсенкүл Прекешова 60-тан асқан шағында қараусыз қалды. Айтуынша, бес ұлы, он алты немересі бар. Бесеуі де анасынан теріс айналып, бес жаққа кеткен. Тіпті үлкен ұлы қолына алудың орнына кетерінде анасының қолын сындырып кеткен көрінеді. Бұл туралы Koremiz Ютуб арнасы хабарлайды. 

Сәрсенкүл Прекешованың айтуынша, басындағы баспанасын бермегені үшін балалары оны керексіз етіп тастап кеткен. Видеоны көрген көпшілік аяныштарын білдірді.  «Анасын сыйламайтын адам ешкімді сыйламайды. 5 ағам, 2 інім бар. 2-ші  ағам анамды Меккеге апарып келді. Інімнің қолында отыр қазір ата-анам. Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер деп ата-бабамыз қалай тауып айтқан», «Ананың бес баласы осы бағдарламаны көргеннен кейін жора жолдас, қызыметтес достарының алдында қалай жүреді екен. Масқара  сұмдық. Ондай баланың барынан жоғы», «Ананы жылатқан оңбас. Қатыннан шыға алмаған ау әйелдері дұрыс болса бұлай жасамайды. Әлде әйеллерінің   анасы ұл тумаған шағар содан кек алатын қыздарда бар олардың анасының ұл тапағанына жарының анасының не кінасі не мен осындай жағдайдыда көріп отырмыз әйелдері ерлерін сыйламайтын болып тұр ғой. Сыйласа енені жылатпас еді» — деп жазды көрермендер.

 

oinet.kz

[:]