АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бесбаев: 42 мың теңгеге қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын (видео)[:]

[:kz]

Отандық эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаев соңғы кезде өзін алаңдатып отырған мәселе жайында жан сырын ақтарды. «МузАРТ» әншісі қазақ халқының жалқаулыққа салынып бара жатқанына қатты уайымдап жүргенін айтты.

Өнер иесі бүгінде биліктен көмек сұрап, үстемақы үшін таласып жатқандардың басым көпшілігі қазақтар екеніне қынжылатынын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ «Шынайы Ақберенмен» бағдарламасына сілтеме жасап

Мейрамбек Бесбаев сұхбаты барысында ұлтының жалқауланып бара жатқанына қатысты өз ойын ашық айтты. «Бір көшеде екі бай тұрып, жағдайы төмен көршісіне қарайламағанына менің жүрегім ауырды.

Бүгінде көмекті сұрап жатқан тек қана қазақтар. Оның бір себебі — жалқаулық па деп ойлаймын. Қанымызда бар. Мен алысқа кетпей-ақ қояйын, өзім де жалқаумын. Аспаннан біреу әкеліп беру керек бізге. Болмаса тіреп тұрған танысымыз болу керек. Жұмыс істемейміз. Менің маңайымдағы туысқандарым да жалқау болып кетті.

Білімге ұмтылмайтын, құр жата беретін інілерім көп. Ең болмаса, 42 мың теңгеге қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын. Біз әбден көкіректеніп кеткенбіз. Мен қазақпын, мен ұлымын деп айтып жатамыз. Сөз жоқ ұлымыз, дана халықпыз. Бірақ, 21 ғасырда қашанға дейін көкірек ұрып отыра береміз? Емделейік, болған шығар» , — деді Бесбаев.

 Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев ұтыс ойнын өткізген Ернар Айдарға араша түскен болатын. Ол басы дауға қалған інісіне қолдау білдіріп, оны жақтап шықты.

> https://kaz.nur.kz/1855127-besbaev-42-my-tegege-kyrylyp-kalgan-baska-ltty-krgen-zokpyn.html

[:]