АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бетімен кеткен адамдар»: тәртіпке бағынбаған тағы біреулер полициямен жағаласып жүр (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Маска жоқ, мыналар неғып жүр, жәйіліп? Әлде, бұлар карантинді қақпай ма?» дейді желі қолданушы.

Қазір елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны күн сайын артып жатыр. Соған қарамастан, төтенше жағдай тәртібіне бағынбай, көшеге шығып алып, тәртіп сақшыларына қоқаңдаушылар да көбейді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кенжебек Өмірхан деген азамат facebook парақшасына аулада бір полицейге жабылып, үйлеріне кірмей қасарысып жүрген сондай біреулердің видеосын жариялады. Ол да пендешілікпен: «Жалғыз болса қорқақ, ал 3-4 болса, өздерінің билігі мен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланатын полиция қызметкерлері», — деп, тәртіп бұзғандарды жақтап жазған.

Сол сияқты, шен тағып, шекпен кигеннің бәрін ата жауындай көретін қарапайым көпшілік сақшыны малға, хайуанға балап, қарғап-сілеп, ауыздарына түскен ғайбаттың бәрін ақтарып әлек. Ал аулаға бала-шағасымен шұбырып шығып, маскасыз доп ойнап жүргендердің жалпы халық ұстанып отырған қауіпсіздік шарасына пысқырмағанын ешкім ескергісі келмейді. 

Осы жазбадағы 500 пікірдің ішінен тек саусақпен санап аларлығы ғана «тәртіпке бағынғанның құл болмайтынын» меңзеген. Әрине, олардың ішінде де ашумен екінші тарапқа қатты сөз айтқандары бар. Мысалы, «Маска жоқ, мыналар неғып жүр, жәйіліп? Әлде, бұлар карантинді қақпай ма?», «Осындай тәртіпке бағынбаған надандарға жыным келеді», «Отырмай ма үйінде! Елдер 5-6 баласымен де отыр ғой. Әйелінде ес жоқ» деседі олар.

Осы орайда, Мейіржан Одаманов есімді азамат: «Әйелі мен баласын ауруханаға, ал анау үш есекті 15 тәулікке жауып қою керек. Талап пен тәртіп бәріне бірдей. Полиция да қазақтың бір баласы, жұмысын орындап жүрген. Ертең ауырса, «Бізге неге қарамадыңдар?» деп бәріне кінә тағады бұлар» деп жазды.

Руслан Есенгелдиев деген желі қолданушы да мемлекет бекіткен тәртіпті сақтаушылар жағында. «Бетімен кеткен адамдар. Полицияның не кінәсі бар?! Полицияны балағаттағаны үшін қамау керек. Ол да ерігіп тұрған жоқ, біреудің есігін аңдып. Оңбаған, боқтамай өлгір, ол сенің денсаулығыңды қорғап тұр! Осындайлардың кесірінен карантин созылып кетті. Полициямен арпалысып, өзін батырмын деп тұр ма? Жазалау керек, тәртіпке бағынбағаны үшін!» — дейді ол.

Ал Маржан есімді кісі полицияны малға теңегендерге қарата: «Мал дейсіңдер. Бірақ, сол «мал» қатын-баласын ертіп шығып, жайылып жүрген МАЛДАРДЫҢ тыныштығы мен денсаулығын ойлап, «үйіңде отыр, жаныңды күт» деп жатыр ғой», — деп ашынды.

Реті келгенде, журналист Кенжегүл Тергембаева да осындай жайттарға қатысты арнайы пост жазды.

«Полиция қызметкерлеріне көзқарастарыңыздың негативке толы екенін түсінемін, халқым. Оған себеп көп. Айтатын уәждеріңізді де білемін. Ол: «осы салада қанат жайған жемқорлық пен парақорлық», «Митингілерде ата-әжелеріндей, әке-шешелеріндей адамдарды итше сүйреді», «Қоғам белсенділерін негізсіз түрмеге тоғытты», тағы басқа өкпе-реніштеріңізді естіп жүрміз. Бірақ, дәл қазір, бүкіл әлем коронавируспен алысып жатқанда, полиция қызметкерлерінің жағасына жармасқан дұрыс емес!

 

Неге десеңіз, олар – қоғамдық тәртіпті қадағалаушы орган. Карантин жариялады ма, себепсіз далада жүргенді қою керек. Соңғы күндері осы әлеуметтік желіде полиция қызметкерлеріне бағынбау бойынша бейнежазбалар көбейді. Карантин ережесін бұзып, отбасымен қыдырып жүрген ессіз тұрғындарды жазалау керек. Тәртіп бәріне бірдей. Бір ай болды, шыдап отырмыз ғой. Үйде болыңыздар! Алла қаласа, көбі кетіп, азы қалды. Аман болайық!» — деді ол.

 

[:]