АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Билеттің бәрі сатылып кетті» Димаш Мәскеу төрінде тағы бір концерт бермекші [:]

[:kz]

Димаш Құдайберген Мәскеуде тағы бір күн концерт беретінін хабарлады. Себебі әншінің 22 наурызға жоспарланған концертіне билет түгелдей сатылып кеткен деп жазады NUR.KZ.

Димаштың instagam желіcінде хабарлауынша, екінші концертіне билеттер сатылымға шыққан. Бұл кеште әйгілі Кремльде өтпек.

«22 наурызға билеттер сатылып кетті. 23-ші наурыз күні екінші концертім болатынын хабарлаймын. Билеттер сатылымда. Кремльде кездескенше», — деп жазды әнші.

 

Еске сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айында әнші Ресейде жеке концертін беретінін айтқан еді. Билеттер қаңтар айында сатылымға шыққан.

Ал биыл Астана күні қарсаңында әнші елордада «Астана Арнау» деген атпен жеке концертін беремекші.

  

[:]