АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Білім министрі: Бастауыш сыныпта оқитын балаларды 100 пайыз мектепке қабылдай аламыз[:]

[:kz]

 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифинг барысында бастауыш сыныптың оқушыларын толығымен кезекші сыныпқа қабылдауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр ата-аналардың басым бөлігі балаларын кезекші сыныпқа беруге ниет білдірмегенін айтады. Оның сөзінше, егер бастауыш сыныптардың барлығы дерлік мектепке келіп оқуға ниет білдірсе, білім жүйесі мұндай ұсынысқа толығымен дайын. 

 

«1-4 сыныптарда ата-аналар толығымен келісетін болса, біз 100 пайыз оқушыларды қабылдауға дайынбыз. Бірақ солай айтқанның өзінде, кезекші сыныптарға өтініш берген балалардың саны 50 пайызға да жетпейді. Мәселен бірінші сыныпта — 55 пайыз, екінші сыныпта — 31 пайыз, үшінші сыныпта -27 пайыз, төртінші сыныпта — 21 пайыз ғана сабаққа қатысып жатыр», — дейді Асхат Аймағамбетов. 

Осылайша білім және ғылым мнистрі кезекші сыныптардың жұмысымен бөлісті. 

[:]