[:kz]
Асхат Аймағамбетов Алматы Білім беру форумы аясында орташа жалақы туралы әңгіме қозғады, — деп хабарлайды медиа-портал Caravan.kz
«2019 жылы елімізде орташа жалақы 168 мың теңге болса, орта білім деңгейі бойынша орташа жалақы 115 мың теңгені құрайды. 2022 жылдың екінші тоқсанында ел бойынша орташа жалақы 312 мың теңгеге, бұл ретте орта білім деңгейі бойынша орташа жалақы 343 мың теңгеге жеткен. Яғни, орташа жалақыдан сәл жоғары. Бұл президент қойған міндет», — деді министр.
Сондай-ақ, ол 2023 жылдың қаңтарында педагогтардың жалақысы қосымша 25%-ға индекстелетінін хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтарды Алматы облысы ТЖД бос жұмыс орындарының жалақылары таңғалдырған болатын болатын.
Авторы: Алма Әбішева
Фото: inform.kz
[:]