АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Білім министрлігі биылғы ҰБТ жайлы өзгерістер мен қатаң ережелер туралы ескертті[:]

[:kz]

ҰБТ кезінде тәртіп бұзған оқушылар бір жыл ішінде қайта тестілеуді тапсыру мүмкіндігінен айырылады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары Наужан Дидарбекова мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, заңсыз әрекеттерге баратын азаматтарға жазалау күшейтілетін болады. Бұрын бітірушіні тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғанда ғана тестілеуден шығара алатын болса, енді оны тестілеуге кіру кезінде табылған жағдайдың өзінде шеттетіледі», — деді Наужан Дидарбекова.

Мұндай жағдайда түлектер бір жыл ішінде ҰБТ-ны қайта тапсыру құқығынан айырылады. Сонымен қатар, тыйым салынған заттар табылған талапкерлердің тестілерінің нәтижелері жойылады.

Сондай-ақ брифингте өзінің орнына тестілеуге басқа адамды кіргізуге тырысатындар үшін де жаза енгізу туралы хабарлады.

«Мұндай тәртіп бұзғаны үшін жаза — бір жылға ҰБТ тапсыру құқығынан айыру», — деп түсіндірді Наужан Дидарбекова.

[:]