АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бионсе на меня похоже»: Гүлзира Айдарбекова жұртқа ерегісемін деп тағы сынның астында қалды[:]

[:kz]

Оқырмандарының кейбірі «Біреуге ерегісем деп бетіңізден айрылып қалмаңыз» десе, енді біреулері бұл суреттің фотошоп екенін айтуда.

Кейінгі кезде «аңдамай сөйлеп», көпшіліктің сынына жиі ұшырап жүрген продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagpam-дағы парақшасына кезекті сынға «шыдай алмай», бетіне ота жасатқанын жазды, деп хабарлады paryz.kz.

«Массаж жасаттым деп сұхбат бергенімді монтаждап, бүкіл елді шулатып, бетіне операция жасатыпты деп сайттар өсектеп, жарыса жазды ғой. «Бөрінің ауызы жесе де қан, жемесе де қан» демекші, лучше сол операцияны жасата салайын деп жасаттым. Әдемі өзгеріппін ба? (дұрысы «өзгеріппін бе?» — ред.) Наверное @beyonce на меня похоже», — дейді ол.

Бұл жазбасын оқыған оқырмандары оны тағы да «жерден алып, жерге салып жатыр». Олардың кейбірі «Біреуге ерегісем деп бетіңізден айрылып қалмаңыз» десе, енді біреулері бұл суреттің фотошоп екенін айтуда.

[:]