АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бір аптада 50 300 қол!»: қазақ халқы президенттен орыс тілін ресми мәртебесінен айыруды сұрады[:]

[:kz]

Бұл 50 мыңнан астам жұрт биліктен Конституциядағы 7-баптың орыс тіліне байланысты 2-тармағының алынып тасталуын, мемлекеттік тілді міндеттейтін «Мемлекеттік тіл туралы» жаңа заң қабылдануын талап етуде.

«Қазақ үні» газеті мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазып, енді сол бастамаға үн қосатын қол жинап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Хатқа қазір зиялы қауым өкілдері бастаған тіл жанашырлары өз еркімен қол қойып жатыр екен. Кеше кешке газет редакторы, ақын Қазыбек Иса facebook парақшасына «Бір аптада 50 300 қол! Құтты болсын! Қазақ тілін қолдаушылар қолы 50 мыңнан асты! Алла жар болсын!» деп жазды.

Бұл 50 мыңнан астам жұрт биліктен Конституциядағы 7-баптың орыс тіліне байланысты 2-тармағының алынып тасталуын, мемлекеттік тілді міндеттейтін «Мемлекеттік тіл туралы» жаңа заң қабылдануын талап етуде.

Олардың ішінде Әбдіжәміл Нұрпейісов, Дулат Исабеков, Асанәлі Әшімов, Қабдеш Жұмәділов, Өмірзақ Айтбаев, Мекемтас Мырзахметов, Төрегелді Шарманов, Камал Ормантаев, Нұрғали Нүсіпжанов, Төлен Әбдік, Амангелді Айталы, Смағұл Елубай, Сәбит Досанов, Ғаббас Қабышев, Ұлықбек Есдәулет бастаған 115 мемлекет және қоғам қайраткері бар.

Ашық хаттың толық нұсқасы мына сілтемеде.

[:]