[:kz]
Желіде ересек адамның тұсау кесіп жатқан видео тарап, елдің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары бүлдіршіндерге арналған салт-дәстүрдің не себепті ер адамға жасалғанын түсіне алмай әлек болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видеоны ел назарына ұсынған автор оның астына «Үйленбей, жолы болмай жүрген достарыңды белгіле» деген жазба қалдырған.
Бейнероликте азаматтың тұсауын кесіп жатқан әйел адам оған бір басы екеу, қадамы оң болуын тілеген.
[:]