АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бір билет үшін 50 мың теңге: Бақыт Сыздықованың «Нұр-Сұлтан-Алматы» пойызындағы бизнес-люкстен көңілі қалды [:]

[:kz]

 

Қоғам белсендісі, экс-депутат Бақыт Сыздықова ҚТЖ пойызындағы жағдайды жазып, наразылық білдірді. Сайттағы дұрыс емес ақпарат оны шатастырған. Бизнес люкс санатты купеден орын алған белсенді біршама әбігерге түскен. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бақыт Сыздықова Нұр-Сұлтаннан Алматыға қарай пойызға билет алған. Ауырып жүргендіктен ұшақтан осы транспорт түрі тиімді деген шешімге келген. 

 
«Суықтың салдары әлі де байқалатындықтан, өзім де жайлылықты жақсы көретіндіктен, бүтін бір купені сатып алуға шешім қабылдадым, өйткені ҚТЖ ережелері бойынша бір жолаушы өз атына 4 орынға дейін сатып ала алады. Мен люкс бизнес вагонын таңдадым, сайтта (ноутбуктен, қосымшада емес) суреттегі купе: 2 орын және дәретхана. Душымен люкс гранд вагоны болды, билет құнының айырмашылығы дат аз, 5 мың теңге, бірақ мен оны таңдамадым, өйткені онда бір жоғарғы орын қалған. Люкс вагон қарадым, екі купе бос болды. Түнді душсыз өткіземін, есесіне люкс бизнес санатты купеде жалғыз боламын әрі дәретхана да бар деп ойладым.

Құны бойынша — люкс бизнес вагонында бір орын 25 075 тұрады, мен 2 орынды сатып алдым және 50 150 теңге төледім. Айта кетейік, жақында Алматыға ұшып барып, билет үшін 47 мың теңге төлеген едім», — деп жазды белсенді.

Осыдан кейін ол вокзалға барып, сатып алған орнына жайғасқан.

«№1 вагондағы №9 және №10 орындықтарындағы заңды орныма отырып, не болып жатқанын түсінбеймін. Люкстің иісі де шықпайды. Тальго пойызы өте тар, кішкентай, ыңғайсыз және тозып кеткен: орындықтардың қаптамасында дақтары бар, сол қаптаманың тесіктері бар. Тіпті, мен сияқты — кішкентай миниатюралық әйел, онда бұрыла алмайды, еркектерге қаншалықты ыңғайсыз екенін елестетемін!

Тағы тосынсый! Купеде сайтта жарияланған дәретхана жоқ, сайттағы суретте купеде дәретхана емес, раковина бар екені белгілі болды! Раковина! Ал вагонның соңындағы дәретхана — бір, яғни «люкстің» барлық жолаушыларына ортақ!», — деп жазды Бақыт Сыздықова.

Ол шу көтерген. «Олар маған №3 немесе №4 вагонынан билеттер алу керек еді деп жауап берген, онда душ пен дәретхана бар гранд люкс болған», — деді белсенді.

«ҚТЖ жолдастары, мырзалар, қызметтеріне қарап осылай айтамын! Жолдастар, пойыздарда жүрмейтін адам бизнес-люкс пен гранд люкс арасындағы айырмашылықты қайтан білсін? Клиентіңіз №1 вагоннан емес, №3 немесе №4 вагоннан билет алу керегін қалай түсінуі керек? Неліктен жолсеріктердің өздері бұл люкс емес, жартылай люкс деп айтады? Неліктен билеттерді сатып алатын ресми сайтта жолаушыларды адастырасыздар? Бұл вагонды комфорт немесе жартылай люкс деп атаңыз, бірақ жартылай люксқа да сай келмейді. Ал, сайтта барлық нұсқалардыжазыңыз, сонда адам не сатып алатынын түсінеді! Сонымен қатар, мен ол жерде жалғыз емес едім, жақын жерде ер адам да ашуланды. Күткеніміз шындыққа сәйкес келмеді!», — деп ашынды Бақыт Сыздықова.

[:]