[:kz]
Апалы-сіңлілі үш қызға қорлық көрсетіп жүргенін біле тұра өгей ананың әкесі тоқтау салмаған. Жетісайда өгей қыздарына 1 жылдан астам уақыттан бері зәбір көрсетіп, ұрып-соғып келгенінен өгей ана Жұлдыз Көбееваның әкесінің де хабары болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Өгей шешелерінен 1 жылдан астам уақыттан бері таяқ жеп келген бүлдіршіндердің атасы (әкесінің ағасы) Дінмұхамед Қойымбетовтың сөзінше, 2019 жылдың 11 сәуірінде апалы-сіңілілі Салима, Мәншүк және Милана ауруханаға түскен күні құдасына қызының қылығын айтып қоңырау шалған. Інісі ашу үстінде қылмыс жасап қоймасын деп, келіні Жұлдыз Көбееваны алып кетуін өтінген. Екеуара телефондағы әңгімеден соң қызын алып кетуге келген құдасы, яғни, Жұлдыздың әкесі (қыздардың өгей шешесінің әкесі) қызымен жеке сөйлесіп алуды өтінеді.
«Шеткерірек барып екеуінің әңгімесіне құлақ түрсем әкесі қызын ұрысып, айыптаудың орнына, «Қызым, неге сонша ұрдың қыздарды.
Айтып едім ғой ұра берме деп. Ұрсаң да көгермейтін, ешкімге көрсете алмайтын жерлерінен ұрмайсың ба? Үшеуін бірдей ауруханаға түсірдің, не болды енді? Бір-біреулеп ұрмадың ба сонша ұрғың келіп тұрса» дегенде өзімді ұстай алмай екеуін де үйден қуып шықтым», — дейді Дінмұхамед Қойымбетов.
[:]