[:kz]
Бір дөңгелегі жоқ автобус Ақтауға жолаушылар тасымалдаған, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындарының назарын бір дөңгелегі жоқ көлік аударып, басқа да жол қозғалысына қатысушылар оны видеоға түсіріп қалған. Видеода көліктің жолдың ортасында кетіп бара жатқаны көрінеді.
Полиция жүргізушіні тапқанын хабарлады. Оған 61 мың теңге айыппұл салынды.
Ақауы бар автобусты желіге шығарған тасымалдаушы да жазаға тартылатын болады.
[:]