[:kz]
Алматыдағы «Жан Сая» дағдарыс орталығына күйеуінен қашып келген әйел баласымен бірге орналасты. Ол күйеуінен қорыққаннан күздің суығында үйінен бір халатпен ғана шығып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. «Жан-Сая» Дағдарыс орталығына бір баласы бар әйел келіп түсті. Ол деспот күйеуінен қашып, үйінен кетуге мәжбүр болған. Кетерде өзімен не киім, не қаражат алып үлгермеген әйелдің үстіндегі халат пен аяғындағы шлепкадан өзге киімі жоқ. Ал баланың үстінде жылы киімнен тек етігі ғана бар. Өкінішке қарай, суреттегі киімнен басқа олардың ештеңесі жоқ. Сол себепті, күздің салқынында олардың сыртқа шығуы да қиындап кетті. «Егер араларыңызда қиын жағдайға қалған ана мен балаға қол ұшын созып, көмектесуге дайын қамқор жандар бар болса, бізбен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз», — делінген орталық хабарламасында.
Күйеуінен қашып шыққан әйелдің қауіпсіздігі үшін оның толық аты-жөні айтылмады. Белгілісі, ол 50-52 жас шамасында. Оған 38-ші өлшемдегі жылы аяқ киім мен 52-54 өлшемдегі жылы күртеше қажет. Ер бала шамамен 6-7 жаста, оған жылы киімдер мен қыстық күртеше қажет.
«Жан-Сая» дағдарыс орталығының байланыс телефоны: 8 771 450 34 50
[:]