[:kz]
Вагонда адам өте аз, купеде жалғыз өзім.
Біз еркектер мұндайда, ойымыз арам болмаса да көршіміз нәзік жандылар болса екен деп армандап қоятынымыз рас енді.
Қате түсініп қалмаңыздар, енді барар жеріңе жеткенше саясатты айтып миыңды жейтін немесе қорылдысы жер жаратын еркек көрші болғанша, «оны-мұны» айтып, жол қысқартатын әйел көрші болғаны дұрыс қой дим дә)
Тілекті Құдай беріп, келесі станциядан жалғыз әйел отырды. Содан Қандыағашқа жеткенше өзге көрші болған жоқ. Тілегім құрысын Құдай-ау, саясатты сапыратын пенсионер шал келгені дұрыс па еді деп өкіндім.
Купе есігі ашылып екі нән сөмке кірді. Артынан кішкене сөмке ұстаған шамамен 120-130 келі шығатын апым кірді кептеліп, қырындап кіреді еще өзгеріс болмаса да)) Төсек-жабдығын алып келген жолсерікке:
-Әй прәуәдник, Қандыағашта нешеде боламыз? — деді мені де шошытып.
-Таңертең жетіде.
-Астана уақытымен ба, Ақтөбе уақытымен ба, маған тошни айт. Күйеу балам күтіп алу керек, звондап айтайын.
-Ақтөбе уақытымен.
Тып-тыныш ұйықтап жатқан сияқты жата қалдым. Әбден жайғасып болды да, ол да шаршап келе жатқан болса керек, басы көпшікке тие сала қорылға басты ғой. Ана дауыстың қасында жұмыстағы бес жігітті ұйықтатпайтын Саламаттың қорылы ақұдай болып қалды ғой. Шошып кеттім, қырындап жатса да қорылдайтын әйелді бірінші рет көріп тұрмын. Құлаққабымды салып алып музыка қоссам да музыканың ар жағынан әлгі дауыс естіліп тұрды.
Болмаған соң столды тук-тук еткіздім. Нәтиже бермеді. Жұдырықпен Салтанатша айтқанда тодоңқ еткіздім. Қозғалмайды-ау сабазың. Түйенің жарты етіндей болып теңкиіп жатқан апымды түртіп оятуға таяқ жеп қалармын деп қорықтым. Содан амал жоқ, коридорға шығып телефон шұқыдым, шай іштім, тамбурда жүрдім, таңды атырдым ғой. Жолсерік келіп оятып тұрыңыз Қандыағашқа келдіңіз демесе сол ұйқымен Астанадан бір-ақ шығар ма еді кім білсін.
Менің де жиналып жатқанымды көріп қуанып кетті ғой деймін:
-Інім, мына сөмкені алып түс, — деді ең үлкенін көрсетіп. Бұйрыққа бойсынбауға бола ма, мықшыңдап түсіргенім аздай, оңбаған күйеу баласы енесін күтіп алуға шықпай қалып, сөмкені таксиге дейін сүйреп апарып бердім.
Сол, үйге жетіп енді демалайын десем, поезда ұйықтамадың ба дит тә біреулер.)
Бір купеде бір еркек, бір әйел келсең қайдағы ұйқы десем дұрыс түсінбей қалады ау ә?))
Есет Калманов
Фейсбуктегі парақшасына
[:]