[:kz]
«Бірінші күннен бастап «подушкасын» қысқартып жатыр. Бір-бір метр жоқ. 12\11-ді 11\10 қылып отыр. Міне, арғы жақты түсіріңдер! Ел, халық көрсін. Үкімет көрсін мынау», — деп шырылдады ауыл тұрғыны.
Заңгер Айгүл Орынбек facebook парақшасына Мақтарал ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылы тұрғынының журналистерге шағынған видеосын жариялады. Өзін Сейілбек деп таныстырған азамат, жергілікті билік екі ауылға жаңадан салынуы тиіс үйлердің іргетасын уәде етілгендегі өлшемнен бір-бір метр кем етіп құя бастағанын жеткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Басталды халықты шырылдату! Кім арандатушы енді? Президент әкімшілігінің назарына! Міне, жергілікті биліктің істеп жатқаны! Халық қалай ашуланбайды?» — деп реніш білдірді Айгүл Орынбек.
Ал видеода ауыл тұрғыны: «Енді бастамасы фундаменттің. Біздің ауылдың тұрғындарына, Жаңатұрмыс ауылы, Жеңіс ауылынан 530 үй салынайын деп жатыр мына жерде. Бірінші күннен бастап «подушкасын» қысқартып жатыр. Бір-бір метр жоқ. 12\11-ді 11\10 қылып отыр. Міне, арғы жақты түсіріңдер! Ел, халық көрсін. Үкімет көрсін мынау», — деп шырылдауда.
Оның айтуынша, құрылыс басталған маңға ешкім ауыл тұрғындарын жолатпайды екен. Барғандарын қуып шығып жатқан көрінеді.
«Ауылдың халқына жұмыс береміз деген еді, ешқандай жұмыс жоқ бұл жерде. Халық судың ішінде босып жүр. «Халық өзі үйді салып алады» дегеннің бәрі өтірік. Міне, қараңыздар, қай жақтың адамдары келіп жатыр?.. Мен танымаймын. Басқа кісілерді алып келіп, салып жатыр. Суда қалған балалардың жұмысы жоқ, жатыр ана жерде. Ертең бір-екі айдан кейін қаңғып кетеді. Ақша іздеу керек. Елді аралап, босып кетеді», — дейді Сейілбек мырза.
Осы сәтте, оның қолмен нұсқаған жағында бір топ адам шоғырланып тұрды. Оларды Үкімет басшысы Асқар Мамин келеді деп ауылдарына қарай өткізбей жатыр екен. Олармен қатар отбасына жете алмай тұрған Сейілбек, мамырдың 1-інен бастап өз үйінің де 200 метр судың астында жатқанын айтты.
«Шөкеев келіп, үйді салып береміз деп уәде берген. Ал оның сапасы дұрыс емес, «подушкадан» бұзылып жатыр. Жердің асты бір метр қазсаң су қазір. Болота болып жатыр. Іргетастары отырып қалады», — деді туған аймағының жер жағдайын жақсы білетін ауыл тұрғыны.
[:]