АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бір отбасыны екі рет қанқақсатқан: ер адам осы жолы сүйіктісінің 3 жастағы баласын өлтіріп кетті (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Вера Гервектің айтуынша, Ника мен Игенбай мектеп кезінен бір-бірін ұнатып, қыз бен жігіт болып жүрген. Алайда сезімдерінің аяғы ұрыс-керіске жиі жалғасатынын қыздың туыстары байқап, қызғаншақ жігіттен алшақтатуға тырысыпты.

Қарағанды облысында үш жастағы баланы анасының қолынан тартып алып, өлтіріп, далаға тастап кеткен күдікті ұсталды. Игенбай Сопыжанов кеше таңертең Қарағандының теміржол вокзалында қолға түсті. Жасаған қылмысын да бірден мойындады. Қаскөй осыдан бес жыл бұрын жапа шеккен отбасының бір мүшесін балтамен шауып өлтірген екен. Тоғыз жылға сотталғанымен, ақпан айында мерзімінен бұрын түрмеден босап шығыпты, деп хабарлады КТК.

Алайда Қылмыстық атқару жүйесі комитеті түрмедегі тәртібі дұрыс болмаған Сопыжановтың мерзімінен бұрын қалай босатылғанын түсінбей отыр. Сондықтан қызметтік тексерісті бастады.   

Кішкентай Максим мына ойыншық мотоциклмен енді ойнай алмайды. Мұны әжесі осыдан он күн бұрын оның 3 жасқа толған туған күнінде сыйлаған екен. Енді етегі жасқа толған ол немересіне жоқтау айтып теңселіп жүр.    

Вера Гервектің айтуынша, Ника мен Игенбай мектеп кезінен бір-бірін ұнатып, қыз бен жігіт болып жүрген. Алайда сезімдерінің аяғы ұрыс-керіске жиі жалғасатынын қыздың туыстары байқап, қызғаншақ жігіттен алшақтатуға тырысыпты. Ал ашуға бой алдырған 17 жастағы бозбала ғашығының үйіне қаруын сайлап келген. 

Вера Гервек, Максимнің әжесі: 

— Таңертең сиыр саууға турғанда аңдып тұрып балтамен ұрған. Сіңлім сол жерде тіл тартпай кетті. Вероникамен «арамызға түстің» деп өшіккен көрінеді. Содан 9 жылға сотталған болатын. Алайда жылдың басында мерзімінен бұрын шығып кеп, қызыммен қайта кездесе бастады. Игенбай түрмеде отырғанда Ника басқаға тұрмысқа шығып ажырасып кеткен. Төркінінен қолтықтап келген ұлын анасы бауырына басыпты. Ал Никаның өзі мерзімінен бұрын босап шыққан бала ғашығымен қайта қауышқан. Алайда қыркүйектің 5-і күні ауылдағы дүкеннің алдында тағы жанжалдасқан. Сол сәтте Игенбай келіншектің қолындағы баланы ала қашыпты. 

Бану Қолдыбаева, Бұрма ауылының тұрғыны: 

— Жұлып алды, тартып жұлып алды. Ана бала бажылдап айқайлап, тіпті аяқ киімі де түсіп қалды. Ол клуб жаққа қарай қашты. Ал ол баланы қолына алып тұра берді.   

— Артынан барған жоқ па? 

— Барған жоқ, дүкенге кіріп кетті. Қорыққан болар.     

Сол кеткеннен Игенбайды көрдім деген жан болмаған. Алайда ол үйінде қан жұтып отырған баланың әжесіне қоңырау шалыпты. 

Вера Гервек, марқұмның әжесі: 

— Баланы қайтаршы деп жалындым. Аяғыңа жығылайын, кішкентайымды әкеліп бер деп жыладым. «Маған іздеу жариялапсыңдар ғой» деп зіркілдеді де, тұтқаны қоя салды. Содан кейін телефонын мүлдем өшіріп тастады. 

Сол күннен бастап полиция мен еріктілерден құралған 100-ден аса адам Максимді іздеп жер-көкті шарлаған. Алайда Максимнің денесі 3 күннен соң ауылдың тура іргесінен табылды. 

Үш жастағы Максимнің өлі денесі дәл осы жерден табылды. Ағаштардың арғы жағында ауыл тиіп тұр, бірақ қаскөй оның денесін шөптің арасына тереңдетіп көміп кеткендіктен, оны тез арада табу қиындық туғызған. 

Ал Игенбай ауыл маңындағы теміржолдан тауар таситын пойызға жабысып қарасын батырғаны белгілі болды. Сол пойызбен Таразға дейін жетіп, Қарағандыға да поезбен қайтып келген бетінде құрықталды. Бір отбасыны екі рет қан қақсатқан ол «қылмысын толық мойындады», — дейді полицейлер.

sn.kz

 

[:]