[:kz]
Бір сағаттық әке! Елімізде ұл тәрбиелеп жатқан жалғызбасты әйелдер тарапынан осындай қызмет түріне сұраныс артқан. Олар, баласын нағыз ер азамат етіп тәрбиелеу үшін өмірлік тәжірибесімен, білген-түйгенімен бөлісіп, ақыл-кеңесін аямайтын ер адамдарға көбірек жүгінетін болған.
Ал әлеуметтанушылар соңғы жылдары осындай моно-отбасылардың көбейіп бара жатқанына алаңдаулы. Ал мұндай тәлім-тәрбиенің болашақ ұрпаққа зияны бар ма? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
Моно-отбасы! Бүгінде жалғызбасты ана, әке, некеден тыс балалы болу үйреншікті жайғдайға айналды. Тіпті, мұндай отбасылар саны жыл сайын артып барады. Мәселен, елімізде әрбір төртінші жанұяның дәм-тұзы жараспай, некесі бұзылыпты. Былтырдың өзінде 48002 жұп ажырасып тынған дейді Ұлттық статистика бюросы. Ал жалғызбасты аналардың саны тіптен 600 мыңға жуықтапты.
Соңғы 2019 жылғы жүргізілген зерттеу жұмыстарына сәйкес, 540 мың жалғызілікті ана тікркелген, сондай-ақ 68 000 балаларын тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке бар. Бұл тенденция, яғни, моно-отбасылар көбейіп жатыр дегенді білдіреді. Дәл осы типтегі отбасыларға мемлекет тарапынан психологиялық тұрғыдан ешқандай қолдау жоқ. Ал анасыз қалған балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ер азаматтар жайлы айтудың өзі қиын.
Әрине, әркім перзентіне дұрыс тәрбие беруге тырысады. Алайда, бір адамның тәрбиесінің қаншалықты дұрыстығы болашақта белгілі болады. Алайда, жаңа отбасылық форманың яки модельдің қоғамда қалыптасуы алдағы уақытта бірқатар проблемаларға алып кеплуі әбден мүмкін, дейді психологтер.
Ержан Мырзабаев, психолог:
Өкінішке орай, ондай қауіп бар. Себебі, бала қандай модельді отбасын көретін босла, әкем жоқ, күйеу керек жоқ сияқты жалғасуы мүмкін. Оның алдын алу үшін әлі күнге жарнамасын жасап, соны көрсету керек.
Тағы бір мәселе «Бір сағаттық әке!». Ер баланы тәрбиелеп отырған кей аналар ұлға кеңес айтып, ер мінезді болып қалыптастыруына ықпал ететін әкелер кеңесі болса деген ұсыныс айтыпты.
Салтанат Оразбекова, әлеуметтанушы:
Жалғызбасты аналардың ер бала тәрбиелеу мәселесі. Ер бала өсіп келе жатыр, көмек беретін адам жоқ. Сол кісілердің тарапынан көмек сұрағаны есімде. «Муж на час» дегендей бар ғой. Бір сағаттық әке, кеңесі деген қызмет пайда болса екен дейді. Сондай сауалдар туып жатыр.
Сайып келгенде қыз-келіншектердің ажырасуға негізгі себептерінің бірі — арқа сүйер ер азаматтардың жауапкершілігінің жоқтығы! Одан бөлек:
Салтанат Оразбекова, әлеуметтанушы:
Әйел адамдардан сұрасақ, жалғызбасты дегенде, әлсіз болуы дейді. Ер адамдарға сене алмаймыз, асырай алмайды. Рөлінің төмендеп келе жатқаны.
Жалпы, ажырасу бойынша көшбасында Алматы тұр. Сандарға сенсек, 2020 жылы 5284 ерлі-зайыптының шаңырағы шайқалыпты. Сондай-ақ, Алматы облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан өңірлерінде де некені бұзу дерегі жоғары болып тұр.
[:]