[:kz]
Марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай басынан кешкен қиын күндер туралы айтып берді. Қатты қиналғанына қарамастан, әкесіне көмек сұрауға бармаған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Мен әлі күнге дейін жалдамалы пәтерде тұрамын. Мен үшін қазір жалдамалы пәтерде тұру, үй болмау, армандағанымдай мұра етіп үйімді балама бермеу — қалыпты нәрсе. Менің ойымша, кез келген жағдайда тірі боламыз, өліп кетпейміз», — дейді дизайнер.
Әрі қарай ол жасөспірім күнінен бастап түрлі жұмыс істегенін айтты. Ыдыс жуудан бастап, аспазға дейін.
«Мен ол кезде 19-20 жаста едім. Алтын жастардың қатарын толықтырып жүрдім. Барлығы бар еді. Кенет бәрінен айырылдық. Қарапайым ақша жоқ. 15 жасымнан бастап жұмыс істедім, ыдыс жудым. Бірақ мен бұл қалыпты нәрсе деп ойлаймын. Жарты күн жұмыс істедім. Мэрдің қызы болғанымда аспаз болып жұмыс істедім. Түскі уақытта тамақ тараттым. Түстен кейін осы қолмен ыдыс жудым», — дейді Құралай Нұрқаділова.
Сондай-ақ, ол бірбеткей мінезіне бола әкесінен көмек сұрамағанын айтты. Тіпті, әлі күнге дейін біреуден көмек сұрауды үйренбегенін жеткізді.
[:]