[:kz]
Жайдарман ойындарының актрисасы Мереке Қалбаева инстаграм әлеуметтік желісіне жолдасы мен қызының суретін салып, жұртты әбден күлдірді.
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Қазіргі таңда әншілікке бет тұрып, өзінің жетекшілігімен веб-сериал түсіріп көрерменнің көңілін көтеріп, жүздеріне күлкі сыйлап жүрген Мерекенің алдағы уақытта жақсы жаңалықтары жетерлік.
Инстаграмда актрисаның оқырмандарының саны +750.000-ға жетті.
Күнде әзілдерімен оқырмандарын күлдіріп оятатын актриса бүгін жолдасы Арсен мен қызы Арудың шаштарын бірдей буып суретке түсіріп желіге «Бірдей түрлерден сәлем»,-деп жүктеген болатын.
Мұны көрген оқырмандар әбден күлкіге «қарқ» болғанын жарыса жазды.
«Осылай күлдірмесеңдер Квн-чик боласыңдар ма?»,»Ма Ша Аллах»,»Әкесіне ұқсаған қыз әдемі және бақытты болады»,»Бақытты болыңдар»,»Әрдайым осылай күлдіріп жүре беріңіздер»,- деп пікір қалдырды.
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
[:]