[:kz]
Астаналық белсенділер уақытша баспанада жан бағып отырған тұрғындарға иіс газы датчиктерін таратуда. Олар қайғылы жағдай орын алған ықшам ауданға барып, үй-үйді аралады, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Санжар есімді желі қолданушысы Facebook желісінде айтты.
Елордалық белсенділер таяуда қайғылы оқиға орын алып, 5 бала көз жұмған ықшам аудандағы уақытша баспаналарды аралаған.
«Пеш жұмыстары бойынша мамандар пештің, мұржаның жағдайын бағалап, тұрғындарға тегін кеңес берді. Сонымен қатар ақауларды қолдан келгенше жөндеп берді. Сондай-ақ, біз газ шыққанынан белгі беретін түтін датчигі мен газбен дабыл бергішін орнаттық», – деп жазды ол.
Сонымен қатар белсенді уақытша баспаналардағы пештердің өте нашар күйде екенін атап өтті. Айтуынша, пеш дұрыс тартпайды және бүкіл жері тесілген.
Источник: Stan.kz
[:]