АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Біреуге жаманшылық жасасаңыз, өз денсаулығыңызға одан да зор жаманшылық жасайсыз[:]

[:kz]


Біреуге жасаған ісің, өзіңе жасаған ісің болып табылады.

Кейбір адамдар жайлы «Психикасы бұзылған» деп айтып жатады. Психика неге бұзылады? Психика бұзылды деген не?

▪️

Осы мәселелерді пәлсәпа тілінен, ғылым тіліне аударып түсіндіріп көрейін. Психика бұзылды дегеніміз адамның ойлау жүйесі жаман, өзіне де, қоршаған ортасына да жаман, кері жолға қарай кетті деген сөз. Адам баласы не нәрсені жиі ойлай берсе, істей берсе ол оның әдетіне айналады. Ойлай берген ойлар адамның миында химиялық процесстер түзеді, үнемі жасала берген химиялық процесттерді тәніміз жаттап алады.

▪️

Адамның денесі бір биохимиялық машина ғой. Енді сіз сөз алдыңызға елестетіңіз: 1. Сіз өкпешіл адамсыз. Біреудің жасаған қылықтарын ұмыта алмай, үнемі есте сақтап, одан өш алуды ойлап жүресіз. Ол туралы жаман сөз айтасыз, оған ұрсасыз.. Барлық осы сәттерде сіздің денеңізде жағымсыз, сіздің денсаулығыңызға нұқсан келетін биохимиялық процесстер жүріп жатады. Біреуге де жаманшылық жасадыңыз, бірақ өзіңіздің ден саулығыңызға одан да зор жаманшылық жасап жатырсыз. Және де осындай көңіл күйде жүрген адамның ісі ешқашан алға баспайды. 2. Сіз бас пайдаңыз үшін түрлі жаман қылықтар жасап, адамдарды алдап арам табыс тауып жүрсіз. Сіздің миыңыз «Мына қылығымды адамдар біліп қояды ма екен, ұстап алып масқара болады ма екем, басқадай бірдем болып қалады ма екен» деп үнемі ойлап жүреді. Әр ой ойлаған сайын тәніңізде ден саулығыңызға нұқсан келетін биохимиялық процесстер жүре бастайды. Ол міндетті түрде денсаулығыңызға кері әсерін береді. Ұйқы бұзылады, ас қорытылмайды, тағы да басқа аурулар дендей бастайды.

▪️

Психика бұзылды, денсаулық бұзылды деген осы. 

Сондықтан неғұрлым адамдарға, жалпы қоғамға, адамзатқа, одан ары жалпы тіршілік иелеріне жағымды, пайдалы ойлар ойлап, істер істеген адамның жүзі де, өмірі де жарқын болады.. Жаман ойлардан құтылып, тек жақсы ойларды қалай ойлауға болатыны жайлы алдағы айларда арнайы тренингтер өткізуді жоспарлап жүрмін.. Басқаларға үйрете жүріп, өзің де үйренесің деген сөз бар ғой. Обучая обучаешься … ▪️

Сіздермен бірге өзім де осы машықты терең меңгергім келеді.. Менің жазғаныммен келісесіз бе? Өз тарапыңыздан қандай ойлар қосар едіңіз?

 

Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан

[:]