АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бірінші әйелінен 2 ұлы бар»: Жеке өмірін құпия ұстайтын Айдана Меденова күйеуіне қатысты шындықты жайып салды[:]

[:kz]

Кезінде «Кешьюден» кеткенде тұрмысқа шығатынын хабарлаған Айдана, тойына БАҚ өкілдерін шақырмаған еді. Иә, жеке өмірін құпия ұстағысы келген болар…

Stan.kz хабарлағандай, бүгінде Меденова мүлдем өзгергенін айтады. Бұдан былай, журналистердің кез келген сауалына ашық жауап беруге бекініпті.

Әдетте, журналистерге әншілік мансабындағы жағымды жаңалықтарын жеткізіп үйренген Айдана, «қауесетке қаным қас», -деп отыр. Өйткені, өнер иесінің жеке өмірі жайлы жалған ақпарат таратушылар саны күн санап көбеюде.

«Жаңа ғана тұрмыс құрғанда, өзімнің жеке өмірім туралы айтқым келген жоқ. Қазір енді барлығын айта аламын ашып. Көбісі неше түрлі жалған ақпарат айтқаннан кейін, әрине, айтқым келеді шындықты», – дейді Айдана.

Дереккөз: Stan.kz

[:]