АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Биыл Астана күнін тойлау шығыны 3 есе азаяды[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтанда елорда күнін мерекелеу шығыны үш есе қысқарды. Шетелдік және отандық жұлдыздардың қатысуымен жыл сайынғы өтетін оpen-аir мен ірі іс-шаралар өтпейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елорда күнін мерекелеу аясында жыл сайын 300-ден астам іс-шара өткізілді, алайда биылғы жылы мерекелік іс-шараларға арналған бюджет үш есеге қысқарды. Шығындарын оңтайландыру мақсатында қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін  ашық аспан астындағы гала-концерт, елорданың негізгі нысандарында жаппай қыдыру және басқа да қымбат шаралар өтпейді», — деп атап өтті ОКҚ брифингінде Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов.

Оның айтуынша, бюджетті шығынын азайту ұзақ уақыттан бері жоспарлануда. Ол Арыс трагедиясына байланысты емес.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мерекелік салют үш алаңда болады. 6 шілдеде елордада 100-ге жуық іс-шара өтеді, оның 73-і тегін. Елорда күні мерекесін толығымен тоқтатуға болмайды деп атап өтті ол.

«Елорда күні 21-ші рет атап өтіледі, бұл астаналық тұрғындардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың сүйікті мерекесі. Төрт күн демалыста бізге барлық облыстардан көптеген адамдар келеді. Шетелдік туристер келеді, қандай жағдай болмасын бізге демалыс керек», — деді әкімнің орынбасары.

Брифингтен кейін ол биыл 300-400 миллион теңге мерекені өткізуге жұмсалатындығын түсіндірді.

«Бұл қаражат тек қана шараға ғана емес, сондай-ақ көркемдеу, қауіпсіздік және басқа да дайындық жұмыстарын қамтиды. Бұл өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда аз», — деді Қаналимов.

[:]