[:kz]
Қазақстандықтардың жаздың соңғы айында қанша күн демалатыны белгілі болды. Биыл сенбі-жексенбі мен Конституция күнін қосқанда, ел тұрғындарын тамызда он демалыс күні күтіп тұр. Ал биылғы Құрбан айтта демалыс жоқ деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: muslim.kz
Себебі бұл мереке ұлттық немесе мемлекеттік болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды.
Тамыздағы тағы бір мейрам 30 тамыз Конституция күні.
Биыл мемлекеттік мереке жұмаға тұспа-тұс келгендіктен, тиісінше ел тұрғындары бұл күні жұмыс істемейді.
Әрі қарай демалыс күндері түсіп тұрғандықтан, Конституция күнінде Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалмақ.
Осылайша, сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда, тамыз айының он күні демалыс болып отыр.
[:]