[:kz]
Бірақ табиғат заңдарына сүйеніп жорамал жасаушы шымкенттік Нұрғабыл Қозыбай ел аузындағы бұл сөздермен келіспейтінін білдірді.
«Рас, биыл қыс ерте басталды, – дейді ол кісі. – Ұзаққа созылуы да мүмкін. Бірақ қыс қатты болмайды. Мен мұны өзім жасаған болжамдарға сүйеніп айтып отырмын. Жауын-шашын көп болады. Қар жауған күндері температура 0 градусқа дейін төмендегенімен кейін жылынып кетіп отырады.
Менің болжамым бойынша 19 – 25-желтоқсан күндері жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Мұндай ауа райы 28 – 30-желтоқсан күндері де қайталанады. Өйткені бұл кездер өлараға сәйкес келеді. Басқа кездері күн бұлтты болғанымен жаңбыр да, қар да жаумайды.
Жаңа ай 31-желтоқсанда көрінеді. Бұл өлараның жүру кезеңі болғандықтан жауынды болмақ. Ай бірінші көрінген күні ауа райы қалай болса, сол айдың ауа райы да сондай болады деген дәлелді сөз бар. Демек, қаңтар жауын-шашынды болмақ. Күн бұлтты, тұманды, бірақ ауа райы жылы болады.
1 – 5-қаңтар күндері өлараның жалғасы, демек, жаңбырдың соңы қарға ұласады. 5 – 10-қаңтар аралығында ауа бұлтты болғанымен күндер жауынсыз өтеді. Сосын 15-қаңтарға дейін айдың басындағыдай ауа райы болуы мүмкін.
Жалпы, қаңтар мен ақпанда да жауын-шашын көп болады. Тіпті наурызда да қар жаууы мүмкін. Бірақ күн аса суытпайды. Қайталап айтайын, менің болжамымша, бұл қыс қатты болмайды. Хабарласып, ауа райын сұраушылардың барлығына да мен алдағы қыс шаруаға жайлы болатынын айтып жүрмін».
Болжамшы Нұрғабыл Қозыбай осылай дейді. Нақ солай бола ма, болмай ма, ол жағын уақыт көрсетер.
Қ. БАСТАУ.
.zamana.kz/
[:]