[:kz]
Ғылым саласындағы жетістіктері мен көптеген тың жобалары арқылы танылған Әмір Қуатпен Caravan.kz медиа порталының тілшісі тілдесіп көрді.
— Қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған жаңа жүйе ойлап таптыңыз. Толығырақ айтып өтсеңіз, бұл қандай жүйе, қандай қауіптің алдын алады, оны қалай қолдану керек?
— Ол жүйе адам ағзасындағы биологиялық ырғақтылықтарға негізделген жоба. Биологиялық ырғақтылықты 2017 жылы зерттеп, генетикалық тұрғыда қадағаланатынын дәлелдегені үшін Майкл Янг, Джеффри Холл, Майкл Росбаш сияқты ғалымдар Нобель сыйлығын алды. Біздің жүйеміз ғылыми түрде «биологиялық ырғақтылықтар сырқаттық ритмдері» деп аталады. Сырқаттылық ритмге негізделген адам ағзасында бар генетикалық тұрғыда қадағаланатын жүй. Біз 2003 жылы жекеменшік зияткерлік меншіктік куәлігін алғанбыз. Көптеген компанияларда, өндірістерде техникалық қауіпсіздігі тұрғысында адамды мамандық ретінде қарастырады. Ал біздің қауіпсіздік жүйеміз адамды мамандық ретінде емес, биологиялық ағза ретінде қарастырады. Неге? Өйткені адам ағзасының өзіндік ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктерге байланысты адам кей кезде, тіпті дені сау, ауырмайтын адамның өзі абайсызда қателік жіберуі мүмкін. 15 мың адам болса соның ішінде белгілі бір 3-4 адамның, мысалы наурыздың 23-24 күндері мынандай қателіктер жіберуі мүмкін деген сияқты мәселені анықтауға болады. Қателіктердің қандай түрі болатынын айтып бере алады. Біз оны алдын ала айтамыз, өз есептеулерімізді компанияларға 1-2 ай бұрын беріп отырамыз. Олар біздің нұсқауларымызға қарап жұмыс жоспарларын құрады.
— Олар жұмыстарыңызға қанағаттанып отыр ма?
— Әрине, мысалы біз тек жұмысшыларға ғана емес. Спортшыларға да жүргіземіз. Ол адам ағзасының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Сол ерекшеліктерді ескере отырып олардың жаттығуларын, қашан, қандай кезде күш салуға болады, қашан болмайды, қай күндері зақымдануы мүмкін екенін анықтап, содан сақтану үшін зерттеу жасаймыз. Мысалы кей спортшылар зақым алып қалса қаншама айлар жарысқа шыға алмай қалып жатады. Соның алдын алуға болады. Бәріне белгілі Шавкат Рахмонов бар. Кезінде оған да қауіптің алдын алу жүйесі арқылы біз зерттеу жүргіздік. Сосын Игорь Сон деген ауыр атлет бар.Қателеспесем 2019 жылы әлем чемпионатында топта ең соңынан бастап күміс жүлдеге ие болды. Соның бәрі біздің жүйеміздің арқасында. Ал компанияларға байланысты біздің жүйенің тиімділі жылмен қарастырсақ 2014 жылға зақымдану саны 2015 жылғы зақымдану санымен салыстырғанда 87,5 пайызға түскен, яғни біздің жүйені қолданатын компаниялар жұмысында. Бұл біздегі ең жоғары көрсеткіш.
— Түсінгенім спортшылардың қашан жеңіске жете алатынын болжауға болады ғой.
— Әрине, біз мысалы алдын ала біліп отырамыз ғой қай кезде қандай қарсылас шығатынын.Олардың туған күні, айы, жылы белгілі. Ал әр адамның биологиялық ерекшелігі болады. 20 жылдам аса уақыт болды 1,5 млн артық адамның деректерін зерттеп, өзіміздің ерекше жүйемізді құрып, формуламызды шығардық. Сол формулаларымызды пайдаланып, қандай адамның қандай кезде, қандай ақаулары, кемшіліктері, қандай күшті жақтары болатынын қарастыра отырып, қарсыласымыздың кемшін тұстарын тауып, соған қарсы нақты стратегиялық жоспар құрастырып бере аламыз. Қарапайым тілмен айтқанда кішкентай соғыс сияқты. Сіз егер қарсыласыңыздың кемшін тұстарын біліп отырсаңыз, ол кем дегенде 50 пайыз жеңіс деген сөз.
— Сіз жаңа генетикалық тұрғыда дедіңіз, яғни белгіл бір ағзадан анализ немесе микроклеткалар алына ма?
— Былай түсіндірейін адамның жүрегінің соғу ырғақтылығы бар, оны зерттеу үшін ағзадан ешқандай ДНК материал алынбайды. Оған аппарат қосады әрі тексереді. Мысалы мидың да өзінің ырғақтылығы бар. Мидың да ырғақтылығын тексеру үшін адамнан ешқандай ДНК материал алмайды. Өйткені басқа аппарат қосады да оның ырғақтылығын анықтайды.Сол арқылы талдау жасайды. Неге апаратты адамның ағзасына қосады, өйткені онда импульстары бар. Ал біздің айтып отырған ырғақтылығымыз, яғни оның физикалық тұрғыда импульстары жоқ. Адам ағзасының жасушасының ішінде TIM, РЕR деген гендер болады. Адамның өмірі неге туған күннен бастап есептеледі, өйткені ағзада PER деген ерекше ағуыз бар. Адам баласы әйел адамның жатырында жатқан кезде дүниеде бар сәулелермен кездеспейді. Жатырынан шыққан кезде ғана күн сәулесімен кездеседі. Сол кезде ғана жарықтың әсерімен PER деген ақуыз қозады да ТIM деген гендер қоза бастайды олардың саны көбейген кезде жасуша ядроға кіреді де, ондағы гендердің әсерімен көбейеді. Оны ешқандай импульспен тексеру мүмкін емес, оны тек математикалық формуламен ғана шығаруға болады.
— Өте қызық дүние әрі қарапайым адам үшін түсіну қиын нәрсе екен. Бұл жүйені қолдану үшін адамның туған күні, айы, жылы ғана қажет дегенде көпшілік нумерология сияқты алдамшы дүние деп сенімсіздік танытпай ма?
— Ғылымды ысыра тұрып, мысалы дінді алайық. Құранда да, библияда да «адам баласы туды» деп айтылмайды. «Адам жарық дүниеге келді» дейді. Мысалы, ер адамның ұрығының ұш құрама бөліктен, үш фазадан тұратынын дәлелдеген ғалым Нобель сыйлығының иегері атанған. Сол ғалым: «Егер мен құранды 20 жыл бұрын оқығанда, онда 20 жыл бұрын Нобель сыйлығының иегері атанар едім» деген. Өйткені құранда жазылған, құдай адамды үш сатыда бір бірімен араластырып жаратты деп. Былай қарасаң адам баласына түсініксіз нәрсе, ал ғылым жолында жүрген адам оны бірден түсінеді. Өйткені адам туған кезде, жарық дүниеге келеді және жарық жаңағы гендерді қоздырады және ген жұмыс істей бастайды. Яғни адам ағзасының ішіндегі барлық импульстар жұмыс істей бастайды.
— Сіздерге осы жүйе арқылы көпшілік көбіне тағы қандай мәселелер бойынша жүгінеді?
— Мысалы, ауыр ота жасалатын кездер болады. Жүрекке, миға, бүйрекке. Кейде өмірде ота сәтті өтеді, бірақ бірнеше күнен соң әлгі адам қайтыс болып кетеді. Ешкім себебін түсіне алмай қалып жатады.Неге? Дәрігерлер де түсінбейді, адамдар да ұқпай қалады. Оның бәрі жаңағы биологиялық ырғақтылықтарға байланысты. Өйткені зерттеу жүргізген кезде түсінгеніміз адамға ота жасаудың күнін медицинаның ең дамыған түрі қазіргі кезді айта алады. Бірақ болжам айта алмайды. Өйткені мүмкіндік жоқ. Ал биологиялық ырғақтылықтарды есептейтін болсақ біз нақты қандай қауіптер бар екенін, қандай мүмкіндіктер бар екенін есептеп, қай күні ота жасауға болады, қай кезде болмайды соны есептеп бере аламыз.
— Ұмытпасам пандемия кезінде мейрамханалар мен кинотеатрларды банкрот болудан құтқарудың жолы табылды дедіңіз, ол ақыры іске асты ма әлде қолдау таппады ма ?
— Пандемия кезінде ұсындық, мысалы оны естіп Жапония қазір қолданып жатыр. Олар дүние жүзіне жар салды ғой біз жасадық деп. Ал шын мәнінде оны бірінші жасаған біз едік, қазақстандық мамандар. Біз ол жобаны сәуір, мамыр айларында жасадық, ал жапондар тамыз айының соңында біз жасадық деп жариялады. Жапония технологиялық тұрғыда дамуды жолға қойға ел. Ал бізде назар да аудармай қалады. Былайша айтқанда олар біздің жобаны ұрлап алды.
— Нақты айтыңызшы қандай жол ол құтқарудың?
— Оны азон терапиясы деп айтуға болады. Мысалы, мейрамханалар мен кинотеаторлар қалай зардап шекті? Адам келмегендіктен, оларға клиент келу керек қой. Ал біздің ұсынған жолымыз, мысалы шекті рұқсат етілген концентрация деген бар. Азон мәселен өте қауіпті нәрсе. Бірақ онымен дұрыс жұмыс істей алсақ адамға зардап шеккізбейді. Ешқандай қаупі жоқ. Өйткені Азон кәдімгі оттегі үш молекулалық. Ол қоршаған ортада өте белсенді болса да тұрақсыз. Яғни тез ыдырайды. Яғни ыдыраған кезде тап-таза оттегіне айналады. Мысалы мейрамхана азон арқылы дизенфекциялағаннан кейін қауіпсіз болады, әсері 24 сағатқа жетеді. Ол кезде коронавирус адамға 95 пайызға қауіпсіз. Яғни қауіп төндірмейді.
— Коронавируспен күресу үшін өзге де тың жобалар ұсындыңыздар ма?
— Иә, дәл маусым, шілде айларында пневмониядан адам өлімі көбейіп кеткен кезде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға өз ұсынысымызды жолдадық. Қолдау таптық. Соның арқасында біз үлкен жұмыс жобасын жүргіздік. 3196 адам, яғни 81,5 пайыз адамның өмірін құтқардық деп айтуға болады.
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
[:]