[:kz]
«УЕФА-ға өткен не теңім, жылтылдайды дөтенім болып жүрміз»: Бибігүл Дәулетбекқызы ащы шындықты ақтарды. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Франциядан 8-0 есебімен жеңілуі кешеден бері желіде қызу талқыланып жатыр. Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы қазақ футболына қатысты ой айтты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.
«Ұят-ай! 8:0 деген цифрды көрудің өзі позор ғой!
Талай рет жаздым, тағы да айтамын, футболға кеткен миллиондарды бокс пен күреске жіберіңдер!
Футболды дамытамын деп желге ұшқан ақшаны қайтарамын деп әуре болмаңыздар!
Доп тебе алмайды біздің жігіттер, еш реніш болмасын. Біздің қанымызда жүгіру деген жоқ нәрсе
Біз ет жеп, қымыз ішіп күш атасын көрсеткен Қажымұқанның ұрпағымыз, Пеленің емес!
Қазақ жерінде басқа ұлттың балалары дүниеге келсе Қажымұқан бола алады, ал Пеленің ұрпағын әкелсек олардың футболист болуы екіталай…
Туған жердің қаны жібермейді бәрібір.
Қай атаңнан көрдіңіздер, доптың артынан далаңдап жүгіргенін. Қанда жоқ болса мәнсіз, рас айтам, ғылым бұл құбылысты зерттеп айтқан да.
Доптың артынан жүгіріп жүргенше кешке дейін ақ тер, көк тер болып, онанда күресіп былш еткізіп жерге құлатқаны жақсы біздің жігіттердің. Өтірік деңіздерші?
Бізден Роналду, Месси шықпайды.
Қазақтың туған жерінен Головкин, Жиров секілділер шығады. Осыны білсе ғой жоғарыдағылар.
Футбол көргенді жақсы көремін. Бірақ та, біздің футболды бір рет болса да көрмеппін. Ұяламын көруге.
УЕФА-ға өткен не теңім, жылтылдайды төтенім болып жүрміз, ал», — деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.
[:]