[:kz]
Қырғызстан Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев қолға түсіру операциясының алдын ала әкесін кінәлі етіп шығару үшін ұйымдастырылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Жаңа тұлғалар» бағдарламасына сілтеме жасап.
Айтуынша, Қадыр Атамбаев қолға түсіру операциясы басталып жатқан кезде анасымен бірге басқа қалада болған. Сондай-ақ, ол мұндай жағдай бірінші рет емес болғандықтан, еш қобалжымағанын жеткізді.
«7-8 тамыз күндері мен Ыстықкөлде болдым. Анам екеуіміз демалып жатқан едік. Сол кезде болып жатқан оқиғалар туралы жаңалықтар порталынан білдім. Біз үшін мұндай форс-мажор бірінші рет болып отырған жоқ. 2010 жылы болған жағдай да есімізде. Ұқсас ноталар ол жерде де, мұнда да бар. Біз төзімді жандармыз. Әкеміз бізді берілмеуге үйреткен. Сол себепті біздің рухымыз мықты», — деді экс-президенттің ұлы.
Әрі қарай ол операцияның әр қадамы алдын ала жоспарланғанына тоқталды. Сондай-ақ, куәгерді күштеп алып кету үшін жасақтың таңғы сағат бесте келуі керегін жеткізді.
«Мен бәрібір де бұл алдын ала жоспарланған провакация екеніне сенімдімін. Сондай-ақ, сол сәттің барынша қорқынышты болып, зиян шеккендердің саны артып, кейін барлығын әкемнің мойнына іле салу үшін жасап жатқандарына да сенімдімін. Бірінші кезекте олар әкемді қолға түсіру үшін таңдаған уақыттан бастайтын едім. Куәгерді күштеп әкету үшін олар таңғы сағат 5-те келуі керек болатын. Ал олар келген кешкі сағат 8 кезінде бұл жерде адамдар өте көп жүреді.
Адамдар бұл уақытта қолдау көрсетіп, суретке түсу үшін келеді. Әкем тура жарты сағатқа сыртқа шығады. Сондай-ақ, бұл – әйелдер мен балалар кіргізілетін жалғыз уақыт. Әйелдер мен балалар тура жарты сағатқа келген кезде билік осындай нәрсе жасап отыр. Бұл барып тұрған бассыздық. Өйткені әрі қарай олар қолға түсіруді бастау үшін орталық қақпаны таңдаған. Ал бұл жағдайда қашпақ болған азаматтар міндетті түрде арнайы жасақ қызметкерлеріне бетпе-бет жүруге мәжбүр болады», — деді Қадыр Атамбаев.
Осы орайда, ол қолға түсіру операциясына ауыл тұрғындарының тек экс-президент үшін емес, өзінің бала-шағасы үшін басын қатерге тігіп отырғанын жеткізді.
«Кешірім сұраймын, өзіңізді ауылдасыңыздың орнына қойып көріңізші. Әйеліңіз баласымен бірге Атамбаевты көру үшін бара жатырмыз деп айтты делік. Кейін ол қолға түсіру операциясының осы уақытта басталғанын біледі. Ол мұнда Атамбаев үшін емес, кепілдікке алынғандай күй кешкен туыстары үшін келеді», — дейді Атамбаевтың ұлы.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Алмазбек Атамбаевқа жемқорлық пен кісі өлтірді деген айып тағылып, 26 тамызға дейін қамауға алынғанын хабарлаған едік.
[:]