АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Біз қалағандай нәтиже жоқ»: Зеленский Ресеймен келіссөздер қалай өткенін айтты [:]

[:kz]

 

 

Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеумен келіссөздер жүргізу барысында Киев қажетті нәтижеге қол жеткізбегенін мәлімдеді. Украина билігі делегация елген келген соң, келіссөздер процесіне талдау жасамақ.

Зеленскийдің сөзінше, осыдан кейін келіссөздердің екінші кезеңіне өту мәселесі шешіледі. Зеленскийдің украиналықтарға жасаған үндеуін «Страна.ua» басылымы жариялады.

«Әзірге өзіміз қалағандай нәтиже жоқ. Делегация елге оралғанда, екінші кезеңге өту мәселесін талқылаймыз.

Бүгін (28 ақпанда — ред.) Ресей тарапының бастамасымен Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің бірінші кезеңі өтті. Келіссөздер болып жатқан уақытта біздің территориямызға, қалаларымызға оқ атылып, бомбалап жатты. Атыстың келіссөз үдерісімен синхронизациясы байқалды. Ресей бізге дәл осындай қарапайым жолмен қысым көрсетуді жалғастырып жатыр деп ойлаймын. Уақытты босқа кетірмеңіздер! Біз мұндай тактиканы қабылдамаймыз. Әділ келіссөздер, дәл келіссөз кезінде бір тарап екіншісіне реактивті артиллериямен шабуыл жасамаған кезде ғана болады. Ресей өз ұстанымдарын жариялады, ал біздің тарабымыздан соғысты тоқтату үшін тиісті жауап болды. Делегация Киевке келген соң көтерілген мәселелерді талдап, екінші кезеңге өту мәселесін шешеміз», — дейді Украина президенті. Айта кетейік, бұған дейін алты сағатқа созылған Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерің аяқталғанын жазған едік.

kaz.nur.kz

 

[:]