АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Біз мына түрімізбен алысқа бармаймыз, қазақтар![:]

[:kz]

«Қытай, қытай» деп аттандап жүрген кезде, өз ішімізден шыққан шұбар жыланды байқамай қалыппыз. «Іштен шыққан жау жаман» деп қазақ бекер айтпаған. Қазір елімізде мықты ұйымдасқан, керек кезде Қазақстанды сатып кете салатын бір топ бар, олар – ватниктар. «Ит жоқта шошқа үреді» дегендей, қазір біздегі  әскери-патриот    тық клубтар мен әскери-спорт залдарының бәрінде орыстың идеологиясын қолдайтын, солардың саясатын жақтайтын сатқындар жұмыс істейді. Қазақстанның Ресеймен «одақтас» екенін пайдаланып, онсыз да орыс тілінде сөйлесетін жастарды олар ресейшіл етіп тәрбиелеп жатыр. Біраз клубтарда Украинада соғысып қайтқан сепаратистер де бар деп естідім. Олар әкімдіктермен, министрліктермен ауыз жаласып жұмыс істейді.

Ал бізде оған балама болатын ұлттық идеология жоқ. Идеологтарымыздың өзі де орысша пост жазып, орысша шүлдірлеп жүр. Осындай клубтарды көрсем болды, ішім қарадай ашиды.

Ресейдің дайын идеологиясын пайдаланып, солармен жастардың санасын улап жатыр. Биліктегілер осы мәселеге шұғыл назар аударып, бір шара қолданбаса болмайды. «Әскери-патриоттық» деген ат жамылып алып ресейшілдерді даярлап жатқан клубтарды тексеріп, оларға бақылау орнату керек.

Оның орнына патриотизмді қазақшалап түсіндіретін клубтарды ашпасақ, біз мына түрімізбен алысқа бармаймыз, қазақтар!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан

 

[:]