[:kz]
Еске сала кетсек, оқиға 18 тамызда Борисполь әуежайында болған. Украинаға сапары барысында премьер-министр мен оның әйеліне үш қыз нан мен тұз ұсынып, қарсы алған. Бұл дәстүрді білетін үкімет басшысы нанды үзіп жеген, бірақ, Сара нанды жерге тастай салған болатын. Нетаньяхудың айтуынша, оның жұбайы Украинаны кемітіп не оған құрметсіздік танытқысы келмеген.
«Ол Украина ұлттық түстеріне сай киімді әдейі таңдады. Ұшақтан сары мен көк түсті киіммен шықты. Бұл Украинаға деген құрметін білдіреді», — деді үкімет басшысы. Оның сөзінше, осы нанға қатысты оқиға болмаса, БАҚ осы сапарын жазбас еді.
«Еркін сауда-саттық аймағы, Украинаның Иерусалимдегі өкілдігі жайлы келісім, басқа да маңызды жетістіктер әкелген сапарға осылай ғана назар аударта алсақ, бәрі солай болсын», — деді Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Иерусалимге жақында жапониялық әріптесінің келгенін еске алды. Оның сөзінше, сол кезде журналистер екі басшының үстеліне туфли секілді жасалған тағам әкелген соң ғана кездесу жайлы жаза бастаған.
«Біз назар аудартатын тәсілді тапқан секілдіміз. Жалғастырамыз», – деді Нетаньяху.
[:]