АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Біз осы масылдықпен қол жайып, қайыршы сығандардың рөліне кіріп алған жоқпыз ба?![:]

[:kz]

Көп ұлтты елміз, өзге ұлттар мемлекеттен неге үй сұрамайды?!

Алаңда неге кілең қазақтың әйелдері жүр үй сұрап? Өткенде анау, он екі мүшесі сау болып тұрып мосттан секіріп өлмекші еркек басымен?!

Неге қазақтар жүр қол жайып?

Біз осы масылдықпен қол жайып, қайыршы сығандардың рөліне кіріп алған жоқпыз ба?!

Неге өзге ұлттардың әйелдері шықпайды осылай ? Осы сұрақтарды өзіме қойып жүргеніме бір жылдай болыпты.

Зерделеуге біздегі өзбек, түрік, тәжік, әзірбайжан ұлттарын алдым. Біздің елде сонау 1954 жылдан тұрады екен. Жазуға намыстанып отырмын, бірақ сонда да жазуға тура келеді ! Туралығын айту керек!

Біздегі өзбек, тәжік, түрік ұлттарының жағдайы өте жақсы екен.

Олар еңбекқор, балалары да нан та бар! Олар қара жұмыстан қашпайды. Бастарында үш төрт үйден бар. Базарлардың барлығында осылар тұрады. Бұларға мемлекеттің бес он тиыны керек емес! Бұларға жайлы жер, тұратын қара шаңырақ болса еңбектерін дөңгелетіп отыра береді!

Ал енді біздің әйелдер неге алаңда үй сұрап жүр, ал мына ұлттың әйелдері сұрамайды?

Бұлардың әйелдері неге мемлекеттен 21 мың теңге сұрамайды? Бұлардың ұлттары басқа болғанымен, ҚР азаматтары ғой.

Осы сұрақтардың жауабын осы жердегі оқырмандардан да сұрап көрейінші. Зерделеп жүрген зерттеуіме пайдасы тиіп қалар!

 

facebook.com парақшасынан 

Айгуль Орынбек

[:]