АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Бізде тапшы болып жатыр»: Ресей тұрғындары Ақтөбе мен Оралдан азық-түлікті қаппен алып жатыр[:]

[:kz]

 

Ресей тұрғындары Орал мен Ақтөбеден азық-түлік сатып алып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап деп хабарлайды.

Саратов облысының Валерий есімді тұрғынының айтуынша, ол Оралға өнім жеткізеді. Дүкендерде жоқ немесе қымбаттап кеткен тауарларды алады.

«Баға өзгеріп жатыр, өнім шарықтап қымбаттап жатыр.Тура мағынада бәрі қымбаттады, тауарлар шектеулі мөлшерде сатылуда: картоп, пияз, макарон өнімдері, ұн – бір адамға бес келіден сатылады. Одан артық емес. Кейбір дүкендерде сөрелер мүлде бос. Бір айға жетпеген уақытта қанттың келісі 45 рубль (10 наурыздағы бағам бойынша 163 теңге), қазір 90 рубль (10 наурыздағы бағамен 326 теңге) болған көрінеді. Елден шығаруға тыйым саламыз дейді. Сіздерде әзірге қант арзан. Бізде құрал-жабдықтар да қымбаттап кетті, кір жуғыш машина, кондиционер ала алмаймыз. Көліктер күрт қымбаттады, импорттан келетін тауарлар азайды”, – деді тұрғын.

“Орынбор облысының тұрғындары Ақтөбеге келіп, қант, ұн, жарма сатып алып жатыр” дейді қаладағы ірі супермаркеттердің сатушылары. Самара облысының тұрғындары да дүкендерде қант тапшылығын айтуда.

«Иә, бізде қор аз, сондықтан мен жақында дүкенге бардым, бірақ қант жоқ. Бүкіл ауданда солай. Әрине, бәрімізде баға шарықтап кетті», — дейді Самара облысының Инна есімді тұрғын.

Бұл арада Қазақстанда да баға өсіп жатыр. Тамақтың да, тұрмыстық техника бағасы да күрт өсті. Базарлардағы сатушылар негізінен сүт өнімдері, тұрмыстық техника, жарма, шұжық және қант бағасы қымбаттағанын атап өтті. Базарлардағы баға әртүрлі, бір жерде қант 360 теңгеден сатылса, басқа жерлерде келісі 400 теңгеден. Атырау мен Ақтауда да қант бағасы күрт көтерілді.

Айта кетейік, Қазақстан 27-30 пайыз ғана қантпен қамтамасыз етілген, қалғанының бәрі сырттан тасымалданады. Ал, қант негізінен Ресейден әкелінеді.

[:]