АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Біздің әкімдер жыламайды»: заңгер жылап тұрып сұқбат берген Бейрут губернаторы мен қазақ шенеуніктерін салыстырды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Біздің шенеуніктер бұндай апаттар болса қуанатын шығар, ақша істейтін болдық деп.

Алапат жарылыс болған Бейрут қаласының губернаторы Марван Аббудтың болған оқиғаға қабырғасы қайысып, жылап тұрып, сұқбат беріп жатқан бейнежазбасы пайда болды. Онда губернатор Бейрут қаласындағы жарылысты жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына сыналған ядролық бомбамен салыстырған.  Жалынмен күресушілердің қазіргі таңда қай жерде екені белгісіз екенін әрі жарылыс аумағына аттанған тағы бір өрт сөндіру бөлімімен байланыс болмай отырғанын айтып тұрып, көз жасына ерік берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл бейнежазба әлеуметтік желі бетінде қызу талқыланып жатыр. Белгілі заңгер әрі қоғамдық белсенді Айгүл Орынбектің айтуынша, бұл нағыз елін сүйген азаматтық патриотизмнің белгісі. Жүрегінде иманы бар, отанын сүйетін ердің іс әрекеті. Өкініштісі, мұндай қасиет қазақ шенеуніктерінің бойына бітпеген. 

«Біздің әкімдер жылаған жоқ, халықтың қайғысынан ақша істеді….
Жүрегінде иманы бар, отанын сүйетін ердің іс әрекеті. Бұл әлсіздік емес, бұл қырылып кеткен халқы үшін күйіп тұрған азамат», — деп жазған ол өзінің facebook  парақшасында. 

Ол сонымен қатар, біздің әкімдердің ешқашан халық үшін жыламайтынын, керсінше, халықтың көз жасын пайдаланып ақша жасап қалуға тырысатынын айтады.

«Біздің шенеуніктер бұндай апаттар болса қуанатын шығар, ақша істейтін болдық деп.
Себебі асарлатып жинап беретін халық бар емес пе?
Арыс жарылғанда халық жинап берген қаржыны жеп кеткен әкімдерді де көрдік.
Түркістан облысының прокуратурасы біраз шенеунікке іс қозғадық деп еді. Оның да соңы жауапсыз қалды. Арыста әлі біраз үйдің құрылысы бітпеген, оның ішінде біраз үйдің әкімдік ақшасын бермей отыр.

Колледждің құрылыс жұмыстарымен айналысқан, құрлысшылар да айлығымызды алалмай жүрміз деп қайта-қайта шығуда!

Бізде әкімдер жыламайды, халықты жылатады! », — деп ойын ашық білдірген.

Бейрут губернаторы Марван Аббудтың айтуынша, порттағы $3 млрд пен 5 млрд аралығында шығын келген  «Шығын көлемі 3 пен 5 миллиард доллар шамасында, бәлкім одан да көп шығар. Себебі Бейруттің жүздеген тұрғыны үйсіз қалды», – деді губернатор

100-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астам адам зардап шеккен.  Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері сынған. 

Бейрут портындағы жарылыстың себебі – дұрыс сақталмаған аммиак селитрасы деген деректер айтылып жатыр. Оның алдында теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған болуы мүмкін деген хабар тараған. 

Бүгінде Бейрутте екі апталық төтенше жағдай енгізілді. Ливанда 5 тамыз ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

 

[:]