АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Біздің қанымыз бір: Қазақстанда «оралман» термині «қандас» сөзімен алмастырылатын болды[:]

[:kz]

Қазақстанда отанына оралған этникалық қазақтарға қатысты «оралман» емес «қандас» сөзі қолданылатын болады. 

Ол туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі

Аталған норманы  көші-қон процесін реттеу мәселесі бойынша заң жобасының алғашқы оқылымында Мәжіліс депутаттары қолдады. 

«Үкімет басшысы өз позициясымен бөлісіп, «оралман» терминін «қандасқа» ауыстыруды тапсырды. Сондықтан заң жобасындағы бұл норма талқыланып жатыр, егер болашақта заң қабылданса, «қандас» сөзі қолданысқа ие болады», — деді министр.

Осы жылдың қыркүйек айында Қасым-Жомарт Тоқаев «оралман» терминінен бастартып, тарихи отанына оралған қазақтарды «қандас» деп атауды ұсынған еді.

Президенттің айтуынша жеті атасын білетін халық үшін «қандас» сөзі әлдеқайда тұшымды.

«Оралман» түснігінен бас тарту туралы идея бұған дейін де талқыланып келеді. 2015 жылы депутаттар «оралман» сөзін «бауырлас», «отандас» деп айтуды ұсынған болатын

[:]