АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Біздің не көретінімізді сен шешесің бе?» Баян Алагөзова гомосексуалдарды қолдап, Нұртас Адамбайға қарсы шықты[:]

[:kz]

 

Дәстүрлі емес ориентация өкілдері бар «Базз Лайтер» мультфильмі Қазақстанда көрсетілмейді. Басым көпшілік бұл жаңалықты естігенде бөркін аспанға лақтырғанымен, белгілі продюсер Баян Алагөзова аса қуанышты емес. Ол зайырлы елде барлық ориентация өкілдеріне құқық теңдей берілу керек деген пікірде. Осы ретте Мақсатқызы мультфильм көрсетілмесін деп бастама көтерген әріптесі Нұртас Адамбайға қарсы шықты. Тіпті, оның «Келинка Сабина» фильміне қатысты сын айтып, оған да тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Кешіріңіздер, мен де уағыз айтып, үздіксіз өзінің діни көзқарасын елге таңатын адамдардың парақшасынан шығып кеттім, ол менің таңдауым ғой. Құдайға тыныш қана сеніп, дұға ету керек. Оған насихат керек емес, ол сіздердің Сенім жайлы көрсетілімдеріңізге мұқтаж емес. Сіздер де басқалар сияқты күнәхарсыздар. Онда бұл мультикті мен көремін бе, жоқ па, неге сіздер шешесіздер? 

Мен «әзірге» зайырлы мемлекетте тұрамын, дәстүрлі емес ориентация өкілдерімен доспын және араласып тұрамын. Шоу-бизнес пен сән әлемінде олар көп болып шықты, олар керемет адамдар, өз істерінің мамандары (ал денелері — өз істері).

Мен қолдамаймын, бірақ қарсы да емеспін. Мен барлық адекватты адамдарға орын табылатын зайырлы елде тұрамын. Біз адам табиғатын өзгерте алмаймыз. Мұндай адамдар әлемде тұрып жатқан халықтың төрт пайызын құрайды. Олар әркез болған, бар және бола береді. Сіздер немен күресіп жатсыздар? Ақиқатпен?

Нұртас, саған деген құрметімді былай қойғанда, өзіңнің көзқарасыңды елге насихаттауды қойшы! Сен өте танымал, білімді, талантты адамсың. Маған сенсең, Құдайға сенің көмегің керек емес.  

Онымен арадағы байланыс тек екеудің ісі. Ол кино емес, жарнама емес, ойын-сауық емес. Ол құпия дүние. Менің түсінгенім бойынша, енді біздің не көретінімізді сен шешесің бе? Онда алда шығатын америкалық және еуропалық фильмдердің барлығында дәстүрлі емес контент болатынын ескерейік. «Келинка Сабина» фильмінде де ол бар. Оған тыйым салуды ұсынамын. Ақымақтық емес пе?» — деп жазды Мақсатқызы Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Базз Лайтер» мультфильмінің Қазақстан аумағында көрсетілмейтінін мәлімдеді. Ал оған дейін продюсер, режиссер Нұртас Адамбай “Базз Лайтер” мультфильміне тыйым салу керек деген бастама көтерген еді. 
 

 

[:]