[:kz]
Бекболат Тілеухан деген депутат бар. Оның былай дегені бар:
«Қазақстан «вахта» сияқты. Байлар ақша жинайды да, Швейцарияға барып тұрады. Ақша жинап жатқан біраз адамдар Дубайдан, Испаниядан үй салып қойды.
Бұл не деген сөз? Бұл Қазақстан – тұруға келмейді деген сөз. Бұл – біздің ел қаржы жинаудың көзі деген сөз. Халық осы елмен болашағын байламаса, ұрпағым осында тұрады деп есептемесе, осы жерде қаламын деген ойы болмаса, мұнда дұрыс мемлекет құрыла ма? Құрылмайды!
«Қазақстандық ұлт» деген сөздің өзі біздің Конституцияға қайшы. Унитарлық мемлекетте бір ғана ұлт болады. Бір мысал айтайын: егер мен шешен болсам, Қазақстанға қаңғырып келген шешен боламын. Мен азулылығымнан, мықтылығымнан Ақтаудың портын тартып аламын. Кез келген шенеуніктің баласын ұрлап әкетемін деп қорқытып, тендерді тартып аламын. Бұған ешқандай қазақ қарсы келмейді.
Қарсы сөз сөйлейтін қазақтың басы баяғыда қырқылған. Талғат Атабаев, Сары Алмас, Қара Алмас секілді мықты жігіттердің бәрі өлген. Бұл жерде ылғи құлдың тұқымы қалған. Үйіне кіріп алып бауыздап жатсаң, ара түсетін ешкім жоқ! Біздің рухымыз өшті! Біз ұлт ретінде құрыдық!
Неліктен құрыдық? Себебі, біз имансыздыққа бет алып барамыз. Неліктен имансыздыққа бет алдық? Махамбеттің: «Мұсылманшылық кімде жоқ, тілде бар да, білде жоқ», деген сөзі қайда? Парламенттегілерге де құлдық сана дендеп сіңген.
Құлдық сана неліктен сіңген? Өйткені олар бір күнгі тойғанын ойлайды, бір күнгі жанның жылынғанын ойлайды».
«Тасжарған», №3, 21 қаңтар, 2009 жыл.
Facebook`тегі Жаужүрек есімді қолданушының парақшасынан.
[:]