[:kz]
Солтүстік Қазақстан облысындағы Якорь ауылдық округінің тұрғындары әбігерге түсті. Адамдар мас күйде рөлге отырып, жекеменшік үйлердің бірінің қоршауын бұзған бұрынғы әкім Қайырболат Чехмановты қызметіне қайтаруды сұрап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындар басы дауға қалған шенеунікті қаһарман санайды. Олардың сөзінше, осы әкімнің арқасында өмірлері жақсы жаққа айтарлықтай өзгерген.
«Бізге басқа әкім керек емес. Керек емес. Ол біздікі. Қайырболат! Қайырболат!», — деп ұрандады әкімдіккекелген 150-ге жуық адам.
Ауыл тұрғындары мас күйде рөлге отырған Қайырболат Чехмановты неліктен қайтарғылары келетінін журналистерге айтып берді.
Равиль Гизатулин есімді азамат экс-әкімнің үнемі қол ұшын созып, көмектесетінін жеткізді. Мысалы жергілікті бала бақшалардың бірінде өрт болған сәтте ол көппен бірге жалынды сөндірген.
Ауыл халқының айтуынша, оның мұндай еңбектері өте көп. Олар Чехманов бір жыл ішінде ұмытылып бара жатқан елді-мекендерде оған дейін ешкім жасамаған істерді жасады деп отыр. Балалар мектепке баяғыдай батпақпен емес, ұсақ тастармен жүріп барады. Колонкаларда су ағып тұр, ал Якор көшелерінде жұмыс жасап тұрған 18 шамдар бар.
Мас күйінде көлік жүргізу ауыр зардаптар әкелмегендіктен, тұрғындар оны бірінші рет кешіруге дайын екендіктерін бірауыздан мәлімдейді. Мұндай жағдай кімде болмайды. Кез келген адам ауыр жұмыс күнінен соң ішімдік ішеді. Сонымен бірге, тұрғындардың сөзінше, ол да адам, ал адамдардың қателесуге құқы бар.
«Ат төрт аяқты болады, бірақ соның өзінде сүрінеді», — деді тұрғындар.
Ал облыс басшылығы қызметінен өз еркімен кеткен шенеунік жергілікті билікке нұқсан келтірді деп санайды.
Ауыл халқы болса Қайырболат Чехмановты орнына қайтару үшін бәрін істеуге даяр екендерін жеткізді.
Дереккөз: КТК телеарнасы.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда мас әкім Қайырболат Чехмановтың өз көлігінің жанында тұрғанын көрінеді. Оқиғаны суретке түсірген оператордың айтуынша, аудан басшысы мас күйінде ауыл тұрғынының үйінің қоршауын зақымдаған.
[:]